Алматыда Сатыбалды Нарымбетовты еске алуға арналған халықаралық шара өтті

Алматыда Сатыбалды Нарымбетовты еске алуға арналған халықаралық шара өтті
Жиынға Қазақстанның халық әртістері, өнер қайраткерлері, кинотанушылар мен актерлер қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда белгілі режиссер, сценарист Сатыбалды Нарымбетовті еске алуға арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.               

Жиынға Қазақстанның халық әртістері, өнер қайраткерлері, кинотанушылар мен актерлер қатысты.

Тәуелсіздік қарсаңында ұйымдастырылған шарада Сатыбалды Нарымбетовтің қазақ кино өнеріне қосқан үлесі, орны айтылды. Ол – «Қыз жылаған», «Мұстафа Шоқай», «Аманат» фильмдерінің авторы. Туындылары Кеңес заманындағы саяси қуғын-сүргінге, сол кезгі адамдардың образына арналған.

«Мен жеті-ақ фильм түсірдім» деп өкініп айтып отыратын. Бірақ 7 фильм болса да, олар нағыз кино өнеріне қосылған үлкен үлес болды. Ол «Халқымның қасіреті – менің қасіретім, халқымның мақтанышы – менің мақтанышым, халқымның қуанышы – менің қуанышым» деп айтатын», – деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кафедра меңгерушісі Ғайнижамал Әбілдина.

Новости партнеров