Түрксіб ауданында белсенділер 100 түп тал егіп, қоршаған ортаны қоқыстан тазартты

Almaty.tv
Almaty.tv
Аудан жастары мен әкімдік өкілдері ағаш отырғызу акциясын өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын». Бүгін Түрксіб ауданының жастары мен әкімдік өкілдері және Экология департаментінің мамандары ағаш отырғызу акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.               

Шара барысында белсенділер 100 түп тал егіп, қоршаған ортаны қоқыстан тазартты.  

«Акция мақсаты – Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына арналған. Негізінде, бұл – табиғатқа халықтың, қоғамның көңілін аудару мақсатында ұйымдастырылған шара», – деді қалалық Экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов.  

Түрксіб ауданы әкімдігі жыл аяғына дейін 32 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

«Бүгін әдеттегідей жастармен бірге акцияға қатысуды жөн көрдім. Менің ойымша, қала жастары осындай игі істерге атсалысса, жасыл экономикамыздың алға жылжитыны сөзсіз. Болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортамызды таза ұстап, сенбіліктерге белсене қатысайық», – деді қоғам белсендісі Валерий Кудрявцев. 

Новости партнеров