Тәуелсіздік шежіресі: 3 қарашада қандай тарихи шешімдер қабылданды

Егемендіктің 30 жылында республикамызда көптеген бастамалар қолға алынды

Тәуелсіздік шежіресі: 3 қарашада қандай тарихи шешімдер қабылданды Almaty.tv

Дербес еліміз 30 жылдың ішінде еркіндік пен қажырлы еңбектің арқасында толағай табыстарға жетіп, болашақ жолында маңызды қадам баса білді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Мәселен, 3 қараша күні 1994 жылы Қарағанды облысына қарасты Жезді кентінде және Қарсақпай ауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тау-кен және балқыту ісінің тарихы мұражайы ашылды. Республиканың Тұңғыш Президенті мұражайға мыс қорытпасынан құйылған, бабалар әдісі бойынша жасалған көне балқыту пешінің істеп тұрған кішігірім нұсқасын тарту етті.

Сондай-ақ 22 жыл бұрын Алматы облысы Сарқан қаласындағы орталық көшеге қазақ лингвистикасының атасы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бүгінде ұлт ұстазы атындағы білім ордалары және тәуелсіздіктің алтын бесігі болған Алматыда мұражай үйі бар. Бұған да егемендіктің арқасында жеткен еркіндік мұрындық болып отыр.

Ал 2009 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасының Білім министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылармен тәжірибе алмасу көзделді. Осылайша, студенттерге гранттар бөлініп, зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасалды.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир