Алматыда жазушы Софы Сматаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген іс-шара салтанатты түрде атап өтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Ұлттық кітапхана төрінде қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Софы Сматаевтың 80 жылдық мерейтойы өтті. Тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген іс-шара салтанатты түрде атап өтілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.                 

Софы Сматаев – табиғатынан туа біткен дарынды, шыншыл қазақ прозашысы, ақын және драматург. Оның жазған роман, пьеса, поэзия, аудармаларының барлығы шынайы жазылған. Патриотизм, өмірді тереңінен тану, әңгімелерінің нәзік мұңы оқырманды таң қалдырады. «Сан қырлы суреткер» атты шығармашылық кеште сондай-ақ, оның өмірі мен шығармашылығы туралы, туындылары мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалаларынан «Қарымды қаламгер” кітап көрмесі де ұйымдастырылды.  

«Қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Софы Қалыбекұлы Сматаев – проза, поэзия, драматургия, публицистика салаларында аса маңызды еңбектер жазған көрнекті қаламгер. Оның шығармашылығы дегенде, ең алдымен, Тәуелсіздік дәуіріне дейінгі уақыттағы, сонау 60-70-ші жылдары қазақ әдебиетіне тың туынды болып қосылған, қазақ тарихын ұрпақтарға барлық болмысын танытуға үлкен әсер еткен «Елім-ай» деп аталатын, әуелде дилогия, қазір трилогия болған романын айтамыз», - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов.

Новости партнеров