Тәуелсіздік тағлымы

08.09.2021 03:15

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде де арнайы іс-шара өткізіл

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде де арнайы іс-шара өткізілді. Оқу орнының студенттеріне ел тарихы мен университет ғұмырынан сыр шерткен кездесуге профессорлар мен саясаттанушылар да қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Еліміздің Тәуелсіздігіне қалай қол жеткізгеніміз жайлы, тарихи оқиғалар болғандығы жайлы, Елбасымыздың рөлі жайлы және осы 30 жылда елімізде қандай елеулі істер іске асқаны жайлы мәселелер көтеріліп, жастарға, кейінгі жастарға сондай түсінік беріп отырмыз», – деді С.Асфендияров таындағы қазұму проректоры Убайдилла Датхаев.

Тәуелсіздіктің тұғырлы кезеңдерін университет тарихымен байланыстырған басқосу бүгін республика аумағында ұйымдастырылып отыр. Ал, аталған жоғары оқу орнының әкімшілігі «Мұндай танымдық-тарихи кездесулер әлі де жалғасын таба береді», дейді.

«Тәуелсіздік – ол әр елдің, ұлттың арманы боп саналады ғой. Біздің Университетіміз 1931 жылы ашылған, тәуелсіздік алғанға дейін. Бірақ университетіміз бен еліміздің тарихы біртұтас болып есептеледі», – деді С.Асфендияров атындағы қазұму 2-курс студенті Азамат Ашимов.