Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен егемендіктің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында болған шығарма жазу байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аудандық және қалалық екі кезеңнен тұрған іс-шара 25 қарашада басталып, 5 желтоқсанда аяқталған еді.
«Байқау негізінен оқушылардың жан-жақтылығын, патриоттық сезімдерін арттыру және ізденімпаздығын таныту мақсатында өткізілді. Осындай іс-шараларға оқушыларымыздың қызығушылық танытуы бізді қатты қуантады», - деді «Алматы дарыны» орталығы директорының орынбасары Гүлнұр Кәрімғажы.
«Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында өткен шығарма сайысында 4 бала оқ бойы озық шығып, бас жүлдені иемденді.
«Тәуелсіздік – тұғырым» байқауына қатысқаныма қуаныштымын. Осы байқауда бас жүлдені иеленгеніме ата-анама және де мектептегі мұғалімдерге алғысымды айтамын», – деді бас жүлде иегері Қарақат Алмасқызы.