Басқосуда мәдениеттану ғылымының негізгі зерттеу бағыттары талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мәдениеттану кафедрасының 30 жылдығы атап өтілді. Осыған орай оқу ордасында «Қазақстандық мәдениеттану ғылымы: қалыптасуы, мәселелері және бағдарлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Басқосуда қазіргі таңдағы мәдениеттану ғылымының негізгі зерттеу бағыттары, мәдениеттану білімінің орны мен рөлі сынды өзекті мәселелер талқыланды.
«Қазақстандық мәдениеттану ғылымының өзекті мәселелерін талқылауға арналған үлкен ғылыми шара өтті. Мұнда шетелден келген, АҚШ-тан қосылған, Ресей Федерациясынан, Нидерландыдан келіп қатысқан ғалымдар өз пікірлерін білдіріп, мәдениеттану мәселелерін қарастырды», – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев.