|
28.05.2021 | 16:56
10940

Akimat LIVE: Бақытжан Сағынтаевқа қойылған сұрақтардың жауабы жарияланды

Әр сұраққа толыққанды жауап берілді

Akimat LIVE: Бақытжан Сағынтаевқа қойылған сұрақтардың жауабы жарияланды almaty.tv


«Алматы» телеарнасында 2021 жылғы 19 мамырда сағат 19:00-де Akimat LIVE бағдарламасы кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Қала тұрғындарынан келген сұрақтар өте көп болғандықтан, кейбірі эфирге шықпады. Дегенмен редакцияға келіп түскен бірде-бір мәселе қала билігінің назарынан тыс қалмады.

Тұрғын сұрағы:

Сәлеметсіз бе, мен Медеу ауданы Кеңсай маңында тұрамын. 2019 жылы газ құбыры тартылған, бірақ кешке газ беру қарқыны азайып кетеді. 30 теңгеден төлейміз, кешке балаларымыз сабақ оқи алмайды, киім жуатын су да жоқ. Осы мәселені шешіп берсеңіз.

Жауап:

Жаңадан салынған газ тарату құбырына және ШГРП газ жіберіп, газды үздіксіз және қауіпсіз іске қосу үшін кемінде 15 абонент қажет. Қосылу үшін техникалық шарттарды алып, қажетті іс-шараларды орындау тиіс.

Жеткізілетін электр энергиясының сапасы туралы тікелей бағбандық қоғамның төрағасына хабарласу керек.

М.Шоқай көшесінде суық су алуға арналған 2 баған бар. Сонымен қатар, өздігімен су тартып, яғни қалалық желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды алуға «Алматы Су» мекемесіне хабарласуыңыз қажет.

Бүгінгі таңда газбен жабдықтау желілерін қосу бойынша АО «КазТрансГаз Аймақ» және ТОО «Строй Сервис Холдинг» арасында келіссөздер жүргізілуде. Қосудың болжамды мерзіміағымдағы жылдың соңына дейін Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «EC ENERGY QAZAQSTAN» ЖШС мердігерлік ұйымы «Алматы қаласы Медеу ауданының электр желілерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жоба құрамына трансформаторлық қосалқы станциялар мен 0,4 кВ әуе желілерін өздігінен жүретін оқшауланған сым аспасы бар қолданыстағы желілердің орнына ауыстыру енгізілді. Бұл мекенжай жоба тізіміне енгізілген.

БС «КНМ», БС «Транспортник», БС «Статистик», к. Кеңсай, Широкая щель ТП-1026, ТРЭС балансына қабылданды. Қазіргі уақытта техникалық шарттарды беру және жеке шоттарды ашу рәсімі басталды. Қосалқы станцияның (ПС-110/10кВ) құрылысы басталды, ол аяқталғаннан кейін желілерді Алматы қаласының теңгеріміне ауыстыру орындалатын болады.

Медеу ауданындағы, Кеңсай шағын ауданын сумен жабдықтау үшін. Инженерлік желілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын бау-бақша серіктестігінен ЖТҚ-ға ауыстыру қажет.

Инженерлік желілерінің салу құрылысы үшін бау-бақша серіктестіктері аумақтарының тығыз жағдайларын мөлімдейді, сондықтан көше кеңістігін кеңейту мәселесін шешкен жөн.

Тұрғын сұрағы:

Шахристан тұрғын үй кешенінде тұрамын. Ақшаға жасатқан қоршауды бірнеше жыл бұрын алып тастаған. Соны қайтадан қоюды сұраймын.

Жауап:

Алматы қаласы бойынша мекемелердің, кәсіпорындардың, жалпы  қолданыстағы аймақтардың айналасына орнатылған қоршаулар Алматы қаласының мәдени келбетін жақсартуға арналған концепцияның аясында басшылыққа алынған  «Қоршаусыз қала» («Жаяу жүргіншілерге арналған қала») ұстанымға сәйкес орындарынан алынған. Аталған шаралар барысында қала аумағының әртүрлі сегменттерінде, тұрғын үй және азаматтық мақсаттардағы ғимараттар, жатақханалар мен кампустар орналасқан жер телімдерінің  шекараларында орналасқан, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруші қондырғылардың барлығы жойылған болатын.

Аудан әкімінің аппараты Алматы қаласының  аумағын қоршаулардан тазартуға бағытталған шараларды барынша қолдап, қала аумағының барлық бөліктері жаяу жүргіншілерге қол жетімді етуге  және  аудандағы қоғамдық тәртіпті күшейту шараларын жер телімдерін қоршауға алмай, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жолымен жаңа деңгейге көтеруге арналған жұмыстардың ары қарай жалғастырылғанын дұрыс деп есептейді.

Тұрғын сұрағы:

Әбілов Сәкен: Әуезов ауданының тұрғынымын. Жабайы саудамен айналысатын 1400 сауда нүктесін анықтаған. Аудан әкімі құрғақ уәде ғана беріп жүр. Соны реттеуді сұраймыз.

Жауап:

Бұл азамат 14.05.2021 ж. дүңгіршектер мәселесі бойынша Әуезов ауданы әкімінің жеке қабылдауында болды. Әкім азамат С.Әбіловке Алматы қаласының қала құрылысын бақылау Басқармасына (атап айтқанда, ТЗИ бөлімі – Аумақтық жер инспекциясы) өтініш жазу туралы түсініктеме беріп, ұсыныс жасады.

Тұрғын сұрағы:

Медеу ауданының тұрғынымын. Көшенің қақ ортасында темір қойып тастаған, тұрғындар көліктерін тұраққа қоя алмайды. Жер қазып тастады, оның да тұрғанына көп болды. Сосын бұл көше мектептің жанында болғандықтан, оқушылар көп жүреді. Жылдамдықты төмендетуге «жасанды тегіс еместіктер» қойса деп едік.

Жауап:

«Автомобиль жолдары мен көшелердегі жасанды тегіс еместіктер. Техникалық талаптар және қолдану ережесі» ҚР СТ СТБ 1538-2007 сәйкес соққы әсерету жылдамдығын шектегіштер көлік ағынының қарқынды қозғалысы бар жолдың жүру бөлігіне тікелей шығатын мектептер және мектепке дейінгі мекемелер ауданында белгіленеді. Жоғарыда көрсетілген мекемелер болмаған жағдайда, «жасанды тегіс еместіктер» құрылғысы осы стандарттың талаптарына сәйкес келмейді.

25 мамыр күні әкімшілік полициямен бірлесе орынға шығып, шешім қабылданады.

Тұрғын сұрағы:

Алатау ауданы, Солтүстік айналым жақта тұрамын. ПӘК құжаттарды қайтармай жатыр.

Жауап:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген, Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына (әрі қарай – Қағида) сәйкес, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы заңды тұлға құрылған кезден бастап немесе кондоминиум объектісін басқару нысаны өзгерген кезде 3 жұмыс күні ішінде үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативіне, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативіне, тұтыну кооперативіне, сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғаларға – тұрғын үйлерді басқарушыларға (менеджерлерге) не осындай үйді басқаратын заңды тұлғаларға Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.

Өз кезегінде, басқару органы хабарламаны алған сәттен бастап, сондай-ақ Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген хабарламаны жіберген адам 3 жұмыс күні ішінде бірлесіп осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-беру актісін жасайды.

Егер басқару органы құжаттарды өз еркімен беруден бас тартқан жағдайда, тұрғындар сот органдарына жүгінуге құқылы, себебі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларды сот шешеді.

Алатау ауданы әкімінің аппараты тарапынан өтініш иесімен телефон арқылы хабарласып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек өппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;

Б) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;

В) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);

Г) дауыс беру – келу тәртібімен немесе жазбаша сауалнама арқылы өткізілетін жиналыста ерік-қалауын ашық білдіру жолымен жүзеге асырылатын, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді қабылдау процесі. Дауыс беру тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;

Д)кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар – кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті шығындары;

Е) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;

Жоғарыды аталғанды ескере отырып сізге басқарушы компаияның қызмет атқармаған жағдайда жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуіңізге болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир