COVID-19 дың жеңіл түрімен ауырып, үйлеріне шығарылған науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі – Б. Сағынтаев
m24.ru
Әкім стационарларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесіне түсініктеме берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасының тікелей эфиріндегі сұрақтарға жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкім стационарларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесіне түсініктеме берді.
«Егер пациент амбулаторлық емделуде болса немесе стационардан үйге емделуге шықса, онда біз оны толық көлемде қамтамасыз етуіміз керек. Қазір біз нақты керек тізім бойынша барлық клиникаларымызды, әрбір емханадағы қорларды есепке алдық (COVID-19 бен күрес аясында). Сонда науқас мемлекеттен бұл дәрі-дәрмектерді толық алуы керек. Бұл пациенттер біздің мобильді бригадалардың бақылауында», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34