Akimat LIVE: Бақытжан Сағынтаевқа қойылған сұрақтардың жауабы жарияланды

m.2gis.kz
m.2gis.kz
Редакцияға келіп түскен бірде-бір мәселе қала билігінің назарынан тыс қалмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасында 2021 жылғы 8 қыркүйек сағат 19:00-де Akimat LIVE бағдарламасы кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Қала тұрғындарынан келген сұрақтар өте көп болғандықтан, кейбірі эфирге шықпады. Дегенмен редакцияға келіп түскен бірде-бір мәселе қала билігінің назарынан тыс қалмады.

Тұрғын сұрағы:

Шұғыла шағынауданындағы №200 мектептің батыс жағында орналасқан жолды ретке келтіру керек.

Жауап:

Қазіргі уақытта Строительная көшесінің солтүстік-шығысында тұратын №200 гимназия мектебіне Строительная және Бекешев көшесінің бойында кірме жолдар мен жол жиегі бар, сол көшенің солтүстік-шығысында тұратын тұрғындар мектепке барар қосымша жол жиегін салу туралы мәселе көтерген болатын, алайда бұл аумақтың жеке тұлғаға тиесілі болуына байланысты жол салу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданындағы жолдардың құрылысына жобалау-сметлық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Осыған байланысты аталған шағынаудандағы жолдарды салу жұмыстары аталған жобаға сәйкес инженерлік желілердің құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін қарастырылады.

Тұрғын сұрағы:

Елтай, Береке ауылына неге оңаймен жүретін автобус қолданысқа берілмейді. Алматы қалалық мобилдік басқармаға 15 ақпанда және 25 маусымда Елтай ауылдық әкімшілігінен халық өтініш берген болатын, бірақ жауабы жоқ. Неге? 330 адамның қолы бар. Оңаймен жүретін автобус беруіңізді сураймыз.

Жауап:

Қазіргі уақытта Елтай, Береке ауылынан қаланың орталық бөлігіне тұрақты қозғалысты ұйымдастыру мүмкін емес. Баяндалғанға қосымша, қала тасымалдаушылары осы жылы қолданыстағы бағыттарды жаңарту үшін автобустар сатып алуды жоспарлап отыр және босаған автобустар қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсетуге бағытталатын болады.

Тұрғын сұрағы:

Шаңырақ-1 ықшамауданы, Шіліктісай көшесі, 5. Біздің көшеге арық жүргізу керек. Көшедегі судың бәрі үйге кіріп жатыр. Үйлеріміз құлайын деп тұр.

Жауап:

Сіздің хатта көрсетілген мекен-жай бойынша суармалы арық желісінің құрылысы қажет екенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, бюджеттік өтінім Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасына қалалық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім жіберілетін болады.  Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылға жоспарланып жатыр.

Тұрғын сұрағы:

21 гимназияның алдына жаяу жүргіншілерге арналған жол салу керек. Жол жиегі жоқ. Балаларға өте қауіпті.

Жауап:

Алматы қаласы Қалалық мобильдік басқармасымен бірлесе отырып №21 гимназияның айналасы тексеріліп жаяу жүргінші жолын салу, Пирогов көшесіннің енінің қысқалығына байланысты салу мүмкін емес екенін хабарлаймыз.

Тұрғын сұрағы:

62 маршрутты Думаннан Талғарға дейін созуларыңызды сұраймын.

Жауап:

Талғар қаласының көлік қызметі күнделікті саны 45 бірлікті құрайтын сыйымдылыңы орташа автобустармен №203, 204, 207 маршруттар арқылы жүргізіледі. №62 маршруттың сызбасын ұзарту бойынша автобустардың интервалы көбейіп, автобус жүргізушілері айналма жолмен жүруге мәжбүр болады, бұл жолаушылардың наразылығын тудыратынын хабарлаймыз.

Сонымен қатар қаланың көлік жүйесі Алматы қаласының барлық азаматтарына тікелей сапарларды қамтамасыз ету міндетін қарастырмайды, жаңа маршруттар ұйымдастыру және маршруттарды ұзарту маршруттардың қайталануына және Алматы қаласының автомагистральдарының жүктелуіне әкеледі. Сызбалар ұзартылған жағдайда, маршруттың шығындары өседі, оларды өтеу үшін субсидиялау талап етіледі, бұл қала бюджетіне әсер етеді.

Тұрғын сұрағы:

«Шұғыла сити» шағынауданында газ мәселесі қашан шешіледі?

Жауап:

«Шұғыла сити» тұрғын үй кешені аумағындағы газ құбыры желілерінде сығымдау (опрессовка) жұмыстары жүргізілуде, газ желісін қосу 1 айдың ішінде іске асырылады.

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аталған жұмыстарға тапсырыс беруші Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы екенін хабарлайды, оның атына «Шұғыла сити» ТК газбен жабдықтауға қосылу мәселесін жылдамдату, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлері «Алматы» МГҚБ тексеру барысында анықталған монтаждау жұмыстарының кемшіліктерін жоюға мердігерлік ұйымдарды міндеттеу туралы өтініш хат жолданды.

Ескертулерді жойғаннан кейін жоғарыда аталған көп пәтерлі тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу мәселесі қаралатын болады.

Тұрғын сұрағы:

Сәлеметсізбе! «Алма сити» тұрғын үй кешеніне қашан газ береді?

Жауап:

«Алма сити» тұрғын үй кешені аумағындағы газ құбыры желілерінде сығымдау (опрессовка) жұмыстары жүргізіліп жатыр, газ желісін қосу жылыту маусымына дейін іске асырылады.

Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аталған жұмыстарға тапсырыс беруші Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы екенін хабарлайды, оның атына «Шұғыла сити» ТК газбен жабдықтауға қосылу мәселесін жылдамдату, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлері «Алматы» МГҚБ тексеру барысында анықталған монтаждау жұмыстарының кемшіліктерін жоюға мердігерлік ұйымдарды міндеттеу туралы өтініш хат жолданды.

Ескертулерді жойғаннан кейін жоғарыда аталған көп пәтерлі тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу мәселесі қаралатын болады.

Тұрғын сұрағы:

Қаладағы интернет байланысы қашан көтеріледі. Көкқайнар «Шаңырақ-5» елді мекендеріне ҚазТелеком келеді ма?

Жауап:

Алатау ауданы әкімінің аппараты тарапынан, «Шаңырақ-5» шағын ауданына байланыс және ғаламтор желілерін жүргізу мақсатында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасына өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізілді. Шағын ауданда 2020 жылдың 3 тоқсанында «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) компаниясының жаңа базалық станциясы іске қосылды. Сондай-ақ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel) компаниясының желісі толығымен жүргізілген. Қосылу үшін компанияғы жеке түлға тарапынан өтініш білдіру қажет.

Сондай-ақ халықты жоғарғы сапалы интернет желілерімен қамтум ақсатында, қазіргі таңда Алматы қаласының әкімдігі тарапынан Meganet ЖШС компаниясымен бірлесіп, Түрксіб, Наурызбай аудандарында «Талшықты – оптикалық байланыс желісі» (ТОБЖ) арқылы пилоттық жобасы іске асырылуда.

Осы пилоттық жоба аяқталғаннан кейін, Алатау ауданы, «Көкқайнар» (Шаңырақ-5) шағын ауданына да кезекті қосымша желілерді орнату мәселесі қолға алынатын болады. Жобаны іске асыру 2021-2022 жылдары жоспарланған.

Алатау ауданы әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде, аталған қоғамдық көлікті Сіздің өтінішіңіздегі көрсетілген мекен-жайға созу үшін Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасына ұсыныс берілді. Аталған сұрақ жоғарыда аталған басқарманының қарауында.

Тұрғын сұрағы:

ЖК «Алатау Сити» Дарабоз шағынауданының тұрғындары атынан жазып отырмын, бізге мектеп, балабақша салынады ма?

Жауап:

Нұркент шағынауданында 1500 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2022 жыл. Аталған мектеп пайдалунға берлігеннен кейін, жақын маңайда орналасқан шағынаудандары да қамтуға мүмкіндік бар екенін жеткіземіз.

«Алатау Сити» тұрғын үй кешені бектілген жобаға сәйкес жекеменшік инвестиция көзі арқылы салынған. Сол себепті қазіргі таңда жобаға әкімдік тарапынан өзгеріс енгізуге мүмкіндік жоқ екенін жеткіземіз. Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің мемлекеттік жерактісі жекеменшік иелігіне тиесілі.

Алматы қаласының Білім басқармасы Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Алатау Сити» тұрғын үй кешені жанында мектеп және балабақша салу туралы хабарлайды.

Қазіргі таңда Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы Алатау ауданы, Нұркент ықшамауданында 1500 арналған мектеп құрылысын жүргізіп жатыр. Аяқтау мерзімі 2022 жыл. Сонымен қатар 2022 жылы аталған мекенжайда 320 орынға арналған балабақша құрылысы жоспарланып жатыр.

Тұрғын сұрағы:

Біз Алматы қаласы Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылымен өте жақын жатқан Хетагуров көшесінің тұрғындарымыз. Кәріз құбыры қашан беріледі екен. Түрксіб ауданының әкімі келді көшемізге, бірақ ешқандай тұжырымды жауап жоқ!

Жауап:

Алматы қаласы, Хетагуров көшесі, энерго тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су бұру желілері бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс жоспарына енгізілген. Жұмыстар  қаржыландыру шамасына қарай орындалатын болады.

«Алматы Су» МКК ақпаратына сәйкес, қалалық су бұру желілеріне қосылудың техникалық мүмкіндігі бар.Осыған байланысты, қалалық су бұру желілеріне қосылу үшін сізге «Алматы Су» МКК (Жароков көшесі, 196) техникалық шарттарды алып, онда көрсетілген іс-шараларды орындау қажет.

Кәріз желісіне қосылуға техникалық шарттарды беру мәселесі тұрғын үйге құжаттар топтамасын толық ұсына отырып, өтініш берілгеннен кейін қаралатын болады. Бұл ретте, берілген техникалық шарттар жоғарыда аталған желіге қосылу үшін негіз болып табылады.

Тұрғын сұрағы:

Көпбалалы отбасымыз неге біз мемлекеттен ешқандай көмек алмаймыз. Мектептерде тегін үйірме жоқ. Қай жақтан барып көмек сұрасақ болады?

Жауап:

Алматы қаласында тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) келесідей әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі:

1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес жан басына шаққанда отбасы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-ынан (25 498 теңге)  аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіледі.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті тіркелген мекенжайыңыз бойынша Басқарманың аудандық бөліміне және «Электрондық үкімет» порталы арқылы бере аласыз.

2. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен (72 850 тенге) аспайтын отбасыларға 20 айлық есептік көрсеткіш (58 340 теңге) мөлшерінде көрсетіледі.

Аталған көмекті алу үшін Сіз тіркелген тұрғылықты жеріңіз бойынша Басқарманың аудандық бөліміне өтінішпен келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт.

Сонымен қатар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету Алматы қаласының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» орталықтары қызмет атқаруда. Қазіргі таңда Қала бойынша 9 орталық бар.

Орталықтың мақсаты: әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету, олардың экономикалық тәуелсіздігі мен қиын жағдайларды жеңуге жеке ынтасын күшейту болып табылады.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне Орталықтарда келесі ақпараттық-кеңестік көмек түрлері көрсетіледі:  психологиялық, білім беру, құқықтық, экономикалық-әлеуметтік.

Бұдан басқа орталықтарда тұлғалық өсу, психологиялық, ораторлық шеберлілік, бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтар, кәсіпкерлікті дамыту және басқа да түрлі бағытта тренингтер мен семинарлар өткізіледі.

Орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне  түрлі бағыттар бойынша оқыту курстары жүргізіледі (ағылшын тілін үйрену, сұлулық кәсібіндегі бағыттар бойынша, балалар массажы, тігін тігу, гимнастика, аспаздық, кондитерші, тоқыма тоқу, компьютерлік сауаттылық, СММ маркетинг, құрақ көрпе, киім дизайны, техника жөндеу, люневиль кестесі, ағаш өңдеу, қолөнер, есепші), балаларға арналған  үйірмелері (арт-терапия, гимнастика, математика және логика, химия, тарих, таэквандо, ағылшын және орыс тілдері, тоқыма тоқу, қолөнер, вокал және би, актерлік шеберлік  үйірмелер және т.б.) өткізіледі.

Сіз тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Орталыққа тіркеліп, әлеуметтік көмек түрлерін ала аласыз.


  • Алатау ауданы Нұркент ы.а.,, д. 5/25
  • Алмалы ауданы Наурызбай батыр көш., 106А үй
  • Ауэзов ауданы Аксай-1 ы.а., 4А үй
  • Бостандық ауданы Розыбакиев көш., 250 үй
  • Жетысу ауданы Жансүгіров/Ломоносов көш., 65/34
  • Медеу ауданы Нұрмағамбетов көш., 412
  • Наурызбай ауданы Шұғыла ы.а., 347 үй, корпус 1
  • Турксібауданы Рихарда Зорге көш., 9,  


Тұрғын сұрағы:

Қайырлы күн құрметті әкім мырза! Біз Наурызбай ауданы «Шұғыла сити» тұрғын үй кешенінің тұрғындары сізден көмек сұраймыз.

1)Тұрғын үй кешенінің алаңында абаттандыру жұмыстары әлі бітпеген. Күз болса келді, жауын-шашын басталса аяқ алып жүре алмаймыз батпақтан.

2) Мектеп пен балабақша мәселесі өткір болып тұр. Бір сыныпта 40 оқушыдан оқып жатыр. Ал балабақшада орын жоқ.

Мектеп пен балабақша құрлысы жоспарда бар, бірақ ол жоспар өте баяу іске асып жатыр.

Керісінше, тұрғын үй айналасы жаңа құрлыстарыс қарқынмен салынып жатыр.

3) Ыстық судың сапасы нашар. Түсі сап сары, сасық иісті ыстық су ағып жатыр.

4) Емхана қажет. Ауданда балалар мен тұрғындар саны күн сайын артып келеді.

5) Газ жоқ.

Жауап:

«Шұғыла сити» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы. Қазіргі уақытта аула аумақтарын абаттандыру, асфальттау, кіші сәулет пішіндері мен жарық бағандарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жобалау-сметалыққұжаттамасынасәйкесжүргізіліпжатыр. Газ желісінбір ай көлеміндеіскеқосужоспарланыпотыр.

Мектеп бойынша

«Алма сити» ТК ауданында «Казахстрой» компаниясы жобалық қуаты 1200 орынға арналған әрқайсысы 2 мектептің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы осы жылы жоспарланған, аяқталу мерзімі 2022 жыл. «Нұрлы дала» шағынауданында «Базис» компаниясы 1500 орындық мектеп жобалауда, оның құрылысы 2022 жылы басталады.

Емхана бойынша

Шұғыла шағынауданында ауысымына 500 адамды қабылдайтын №36 қалалық емханасы халыққа қызмет етеді (мекенжайы: Шұғыла ш/а, 340А)

Құрылыстар:

1. Қарағайлы ш/а. 500 адам қабылдауға арналған емхана құрылысы

Жеручаскесінің ауданы-1,0 га.

ЖСҚ – ның қазіргі мәртебесі-қаржыландыру бөлінді. Конкурстық рәсімдер жүргізілуде, қорытынды шығару-2021 жылғы шілде.

ЖСҚ басталуы-2021 ж. тамыз

ЖСҚ аяқтау-2022 жылғы 3 тоқсан

ҚМЖ болжамды құны-1,3 млрд.теңге.

2. Ақжар ш/а. ауысымда 200 адам қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы.

Жеручаскесініңауданы - 0,30 га.

ЖСҚ – ның қазіргі мәртебесі-қаржыландыру бөлінді. Конкурстық рәсімдер жүргізілуде, қорытынды шығару-2021 жылғы шілде.

ЖСҚ басталуы-2021 ж. тамыз

ЖСҚ аяқтау-2022 жылғы 3 тоқсан

ҚМЖ болжамды құны-500,0 млн.теңге.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін ауданда 3 300 орындық 2 мемлекеттік мектептің құрылысы жүргізілуде. «Қалқаман» шағын ауданында 1800 орындық мектеп құрылысы. Қалқаман-2 биылғы жылдың соңына дейін және 1500 орындық мектепті (Абай даңғылының қиылысы) 2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Алма сити» ТК ауданында «Казақстрой»  компаниясы жобалық қуаты 1200 орынға арналған әрқайсысы 2 мектептің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы ағымдағы жылы жоспарланған, аяқталу мерзімі 2021 жыл. «Базис» компаниясы 2021 жылғы желтоқсанда жобалық-сметалық құжаттама мақұлданғаннан кейін жаңа мемлекеттік балабақшаларының құрылысы басталады.

«Нұрлы дала» шағын ауданында «Базис» компаниясы 1500 орындық мектеп жобалауда, оның құрылысы 2022 жылы басталады.

Құрылыс аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жүргізілуде.

Дамудың басым бағыттары:

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу:

- бірнеше мектеп салу жоспарланған,

- 18 балабақша,

- 2 емхана,

- 2 дене шынықтыру-сауықтыру орталығы,

- 1 инновациялық шығармашылық орталығы.

«Шұғыла» шағынауданында жобалауға рұқсат құжаттары берілді:

- 320 орындық балабақша,

- 1500 орындық жалпы білім беретін мектеп,

-1инновациялық шығармашылық орталығы.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматы қаласының Бас жоспарына қоғамдық тыңдаулар өткізу сатысында түзету жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аталған жұмыстарға тапсырыс беруші Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы екенін хабарлайды, оның атына «Шұғыла сити» ТК газбен жабдықтауға қосылу мәселесін жылдамдату, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлері «Алматы» МГҚБ тексеру барысында анықталған монтаждау жұмыстарының кемшіліктерін жоюға мердігерлік ұйымдарды міндеттеу туралы өтініш хат жолданды.

Ескертулерді жойғаннан кейін жоғарыда аталған көп пәтерлі тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу мәселесі қаралатын болады.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС (бұдан әрі «АлЖЖ» ЖШС) сіздің өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарастырып, «Шұғыла» ықшам ауданының жылу желілері құбырларында «тоттанған» судың болуының негізгі себебі осы ықшамауданның аяқталмаған құрылысы болып табылатынын хабарлайды. Жылу желілері құбырларының диаметрлері үлкен тұрғын үй кешенінің және қазіргі уақытта әлі салынбаған әлеуметтік сала объектілерінің жылытуына және ыстық сумен жабдықтауға жылу жүктемесін көтеруге есептелген. Тұрғын үйлердегі көптеген пәтерлер автономды су жылытқыштардан (бойлерден) ыстық суды пайдаланады, бұл ыстық суды тұтынуды айтарлықтай төмендетеді. Тұрғын үйлердің ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде және жылу желілерінде тұтынушылар ыстық суды алу (ағызу) болмаған кезінде судың тоқырауы орын алады, нәтижесінде «тоттанған» құбырларының ішкі бетінде металдың тотығуы пайда болады, бұл кейіннен ыстық судың түсінің өзгеруіне әкеледі. Суды алуды (ағызуды) жаңарту кезінде ыстық су кранын қосқаннан кейін біраз уақыт ішінде «тоттанған» суды байқауға болады, бірақ бұл мәселе тез жойылады.

«Шұғыла» ықшам ауданын ыстық сумен жабдықтау (бұдан әрі - ЫСЖ) «Премьера» қазандығынан жүзеге асырылады және қазандықтың жұмысына әсер ететін кез келген факторлар, мысалы, электрмен жабдықтаудағы іркілістер және т.б. жылу желілерінің жұмысына тікелей әсер етеді. Жылу желілеріндегі динамикалық режим өзгерген кезде желілерді пайдалану кезінде пайда болған тұнба көтеріліп, суды сары түске бояйды.

«Шұғыла» ықшам аудан тұрғындары тарапынан келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде «АлЖЖ» ЖШС бірнеше рет «Шұғыла» ықшам ауданының жылу желілерін жууды жүргізді.

Тұрғын сұрағы:

Медеу ауданы Астраханская көшесінде мүлде газ жүргізілмеген. Бұл көшеде 2 үй бар. Газ тек менің үйімде ғана жоқ. Канша рет 2018 жылдан бері қалалық, аудандық әкімдікке хат жаздым, жауап болмады.

Жауап:

Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалында 2017-2020 жж. тұтынушылар үшін газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметі бойынша Инвестициялық бағдарлама жасалып бекітілген. Аталған тұрғын алабы бекітілген бағдарламаға енгізілмеген.

Осыған байланысты, 2022-2026 жылдардың Инвестициялық бағдарламасын қалыптастырған кезде жоғарыда аталған тұрғын алабын газдандыру мүмкіндігін қарастырылады, ол үшін өтініш беруші 2021 жылы «КазТрансГаз Аймақ» АӨФ АҚ газдандыруға Байзақов көшесі, 280 мекен-жайы бойынша өтініш беруі қажет.

Тұрғын сұрағы:

«Шаңырақ-1» ықшам ауданында қашан арық жүргізіледі?

Жауап:

Алматы қаласы «Жасыл экономика» басқармасы қазіргі таңда Алатау ауданы «Шаңырақ-1» ықшам ауданы бойынша 9 көшеде (Байторы, Ертарғын, Қоғалы, Мұрагер, Ақтұма, Қобыланды, Майры, Оқжетпес, Ашекеева) арық жүйесін салу жұмыстарын жүргізуге конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылы бастау жоспарлануда.

Алматы қаласы «Жасыл экономика» басқармасы тарапынан «Шаңырақ-1» ықшамаудыны бойынша 9  көшеге арық жүйесінің құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасалынып,  мемлекеттік сараптамалау сатысына өткізілді және оң нәтиже алынды.  Қазіргі уақытта бюджеттен керекті қаражат бөлінуі күтілуде. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары 2021 жылы жасалынатын болады.


Новости партнеров