Akimat live-тан кейін: Автодом сауда аумағындағы көліктерді рәсімдеу орталығы Алатау ауданына көшіріледі

Akimat live-тан кейін: Автодом сауда аумағындағы көліктерді рәсімдеу орталығы Алатау ауданына көшіріледі
Ол жерде келушілер үшін де, автокөліктер үшін де жеткілікті орын бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Автодом сауда аумағында орналасқан көліктерді рәсімдеу орталығы Алатау ауданына көшірілетін болды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің фейсбук әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше Akimat live бағдарламасында көрермен сауалынан кейін қала басшысы бүгін ондағы жағдайды бақылап, осындай шешімге келген.

Бұл – қаладағы автобөлшек сататын мекеменің көлік тұрағы. Одан бөлек мамандандырылған халыққа қызмет көрсету және басқа да сауда орталықтары орналасқан. Мұнда тек қана авто тіркеу орталығына күніне 1000-ға жуық адам келеді екен. Сол себепті кейде көлік тұрағы босамайтын кездер болады. Осыған байланысты көліктерді рәсімдеу бойынша қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚКО-на қайтаруды тапсырдым. Ол жерде келушілер үшін де, автокөліктер үшін де жеткілікті орын бар, деді әкім.

«Басқа жақтан ашылғанын қалаймын көп жерде. Келген кезде көп тұрмайтындай. Сұрақтарымыз тез шешіліп кететіндей», – деді қала тұрғыны Әйгерім Әміреева.

«Мүмкін, көлікке орын таппайтын кездер болатын шығар. Өз басым мұндай жағдайға тап болып көрмедім», – деді қала тұрғыны Олжас Әбдірашид.

Ал, авто тіркеу орталығының басшылығы болса адамдарға тез арада қызмет көрсету үшін электронды жүйеге көшіп жатқанын айтады. Сол арқылы келушілердің уақытын үнемдеп, автотұрақ та босап тұрады, дейді. Одан бөлек, қала әкімі көліктерді рәсімдеу  қызметтерін Алатау аудандық авто тіркеу орталығына көшіруді тапсырды. Себебі ол жерде келушілер мен автокөліктер үшін жеткілікті орын бар.  

«Жоспар бойынша алдағы уақытта автотұрақты үлкейтпек ойымыз бар. Мұның барлығы да қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін. Сонымен қоса, қазіргі уақытта біздің орталықтың қызмет көрсетуі толықтай цифрландырылған жүйеге өтіп келе жатыр. Сондықтан алдағы уақытта да халыққа тиімі жақтарын қарастырамыз», – деді  қалалық мамандандырылған ХҚКО басшысының орынбасары Бақытжан Орынбай.

Қала басшысы қатысқан Akimat live бағдарламасында Ұлжан-1 шағын ауданының тұрғындары да көше жарығының жанбайтынына шағымданып, хабарласқан еді. Олардың айтуынша, жарық жаңа жылға дейін орнатылған. Алайда 2 апта өткен осң өшіп қалған.

«Сол жарықтың жанбай тұрғаны бізге қатты өкінішті болып тұр. Қанша ай болды біздің күтіп жүргенімізге. Енді осыны болашақта қолға алып, тез арада жасалып кетсе екен деп тілейміз», – деді Алатау ауданының тұрғыны Асылша Иминова.

Қала басшысы мәселені тиісті басқарма мен аудан басшылығына тезірек шешуді тапсырды. Ал, ықшам ауданның тұрғындарына бірнеше күн шыдай тұруға тура келмек.

Мерей Қанапиянов, Нұрбол Батырбаев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров