Б. Сағынтаев: Қалада эпидахуал күрделі, дегенмен жағдай бақылауда

КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі және КВИ дертінің асқынуы туралы хабарлады, вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап КВИ-ді күнделікті тіркеу 1 мың жағдайдан асты. Егер 23 шілдеде 1 080 жағдай тіркелсе, 27 шілдеде тіркелгені – 1 250. Жыл басынан бері КВИ жағдайларының жалпы саны 75153 болса, ал шілденің басынан бері 16911 жағдайға жетті.

Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ды құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды. Осылайша шілдеде базалық сценарий бойынша болжанған 27,5 мың жағдай тіркеліп эпидемиологиялық жағдай расталды.

Алматы қаласының тұрғындарын вакциналаумен қамту 27 шілдедегі жағдай бойынша I компонентті алғандар 49,9%, II компонентті алғандар – халықтың ресми саны бойынша 33,6%-ды құрады. Алайда бұл COVID-19 «дельта» нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді, 1 жасқа дейінгі балалар дертінің өсуі жалғасуда – 0,3%, 2,8% құрайды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса қазір олардың саны - 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%-ға басым.

Осыған орай, Б. Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды. Тек екпе алу арқылы ғана өміріміз бен денсаулығымызды сақтай аламыз. Ең бастысы, вакциналанған қалалықтар өзінің жақындары мен айналасындағылардың – достарының, әріптестері мен таныстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Новости партнеров