|
28.07.2021 | 19:35
4253

Сағынтаев Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің КВИ пандемиясының жаңа толқынына дайындығы туралы айтты

28 шілдедегі жағдай бойынша стационарларда 3943 науқас жатыр, оның ішінде 215 бала

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat live бағдарламасының барысында ковидті стационарлардың дайындығы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде Алматыда 7000 инфекциялық төсек орын дайындалды. Оның ішінде 6265-і қолданыста, олардың жүктемесі 58,7%-ды құрайды. Қосымша резервте 2400 төсек орын бар. Олар қазір кезеңмен іске қосылады. Егер тамызда ахуал ушығатын болса, онда 3000 резервтік төсек орын пайдаланылатын болады.

Сонымен бірге, балалар мен ересектерге ургентті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін негізгі мамандандырылған клиникалар, оның ішінде онкологиялық және кардиологиялық клиникалар жұмыс жасайды.

Анықталған жағдайлардың пропорционалды саны бойынша ауруханаға жатқызу артуда. Егер бір ай бұрын ауруханаға тәулігіне 40-70 науқас жатқызылса, қазір тәулігіне 400-500-ге дейін пациент қабылдануда. 27 шілдеде ауруханаларға 516 науқас түсті.

28 шілдедегі жағдай бойынша  стационарларда 3943 науқас жатыр, оның ішінде 215 бала. 119 науқастың жағдайы өте ауыр, 990-ы ауыр халде.

Инфекциялық стационарларда 500 реанимациялық төсек орын бар. Жүктеме - 53,4%, 267 науқас. ӨЖЖ аппаратында - 28, инвазивті емес өкпені желдетуде - 110, High Flow аппаратында - 103 науқас жатыр.

Өлім-жітім санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәжірибелі кафедралды қызметкерлер арасынан мобильді реанимациялық орталық ұйымдастырылды. Жансақтау бөлімдерінің медициналық құрылғылармен жабдықталуы 100%-ды құрайды

КВИ-мен күреске 6 212 медицина қызметкері қатысуда. 1700-ден астам медқызметкер резервте. Кадрларды қайта даярлау жүріп жатыр.

Телемедицина орталығы мен АМСК ұйымдарының бақылауындағы үйдегі науқастардың саны 5 есеге өсті - 7 702-ге дейін. Стационарлар мен АМСК ұйымдарының жанынан науқастарға дер кезінде диагноз қою мен емдеу үшін мультидисциплинарлы топтар құрылды.

Жедел жәрдемді күн сайын шақыру саны 2 750-ге дейін өсті, ЖРВИ, КВИ және пневмония бойынша шақырулардың үлесі шілде айында 2 есеге өсті: 15-тен 30%-ға дейін.

Қалалық дәріханалар желісін қамтамасыз ету үшін 5 миллиард теңгеге тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Дәрі-дәрмектердің 68 атауы бойынша қажетті қор жасалды. Бүгінде 18,1 миллион қапталған дәрі-дәрмектері бар, оның ішінде азаймайтын қалдық – 8 миллион.

Сұранысқа ие дәрі-дәрмектер қаланың барлық дәріханаларында бар, қолжетімділік 85-90%-ды құрайды, нақтылы бары 1,3 миллион препарат. Сонымен қатар, 248 мың дәрі-дәрмек пакеті жеткізіледі деп күтілуде. Қаланың медициналық ұйымдары екі айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир