Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Селден қорғау бөгетінен әл-Фараби даңғылына дейін және одан әрі Абай даңғылына дейін Үлкен Алматы (Үлкен Алматы) өзенінің су қорғау белдеуі мен арнасын реконструкциялауды таяу жылдары жүргізу жоспарлануда.
2021 жылы 25 қоғамдық аймақтар бойынша жұмыстар жүреді: Алмалы ауданында – 5, Әуезов ауданында – 4, Алатау ауданында – 3, Бостандық ауданында – 3, Жетісу ауданында – 5, Медеу ауданында – 1, Наурызбай ауданында – 3, Түрксіб ауданында – 1. Сондай-ақ Жасыл экономика басқармасы 8 аймақта жұмыс жүргізеді.
Жалпы 2 жыл ішінде 84 нысан абаттандырылды. Өткен жылы «Қарасу» шағын ауданда жаңа рекреациялық аймақтың құрылысы жүргізілді. «Желтоқсан», «Дружба» саябақтары, «Жетісу-3» шағын ауданындағы сквер, «Южный» саябағы абаттандырылды.
2021 жылы «Маяк» тоғайы, «Көкмайса» шағын аудандағы «Есентай» өзені арнасының жағалауы, Таулы қырат шағын ауданындағы учаске абаттандырылды, Қастеев мұражай аумағындағы фонтан күрделі жөнделді, Абай атындағы ҰАТОБ маңындағы сквер, «Терренкур» және «Жарбұлақ», «Тіксай» өзендерінің арналары абаттандырылды.
Байсейітова көшесініңбойындағы жаяу жүргіншілер (Жамбыл көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін) аймағын, Қазақ-Британ техникалық университетінің саябағын абаттандыру және көгалдандыру жоспарланып жатыр.