|
08.09.2021 | 19:42
3550

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына үміткерлерге арналған тренингтер басталады

Тренингке Open Almaty сайтындағы сілтеме бойынша тіркелуге болады

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына үміткерлерге арналған тренингтер басталады

«Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша аумақты абаттандыру мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Б. Сағынтаев 8 ауданның әрқайсысына қала бюджетінен 800 млн теңге бөлінетінін атап өтті. Жобаның жалпы сомасы 6,4 млрд теңге. Бір жобаның максималды құны 58,3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Жобаға қатысу үшін 1 қазанға дейін budget.open-almaty.kz сайтында қалалық ортаны дамытудың идеясын ұсыну қажет. Егер бұл бастама басқа тұрғындардың дауысымен қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асады.

Бұл ретте, жобаға қатысушылардың дайындық жұмыстарының сапасын арттыру үшін, 13 қыркүйектен бастап «Бюджетке қатысу» бойынша тегін онлайн-тренингтер Uyumdasu Participatory Budgeting әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылады. Тренингке Open Almaty сайтындағы сілтеме бойынша тіркелуге болады.

Еске салсақ, «Бюджетке қатысу» жобасы Алматыда екінші жыл жүзеге асырылуда, 23 тамыздан бастап жобаны іске асырудың үшінші жылына өтінімдерді қабылдау басталды. Екі жыл ішінде саябақтарды, скверлерді, аулаларды абаттандыруға, сондай-ақ көпшілік пайдаланылатын жерлерді жарықтандыруға және жөндеуге жалпы құны 7,3 млрд теңге болатын 322 жоба (2020 ж. - 49 жоба, 2021ж. - 273 жоба) іске асты.

Бұл жобадағы бюджеттің үлесі 5%-ды құрайды, бұл белгіленген ең төменгі көлемнен 10 есе көп – жылдық бюджеттің 0,5%-ынан кем емес. Болашақта «Бюджетке қатысу» жобасы аясында қаржыландыруды көбейтіп қана қоймай, шеткі аймақтар үшін жобаларды іріктеу процедураларын одан әрі жетілдіру жоспарлануда. Осылайша тұрғындардан жыл бойы ұсыныстар жинау жоспарлануда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир