Б. Сағынтаев алматылықтарды көгалдандыру байқауына белсенді қатысуға шақырды

egemen.kz
egemen.kz
Қала күні қарсаңында тұрғындарды ынталандыру мақсатында «Аула аумағын ең үздік көгалдандыру – 2021» байқауы жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасында Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде байқаудың алғашқы бес күнінде 100 өтінім түскенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Б. Сағынтаев үй маңындағы аулаларды абаттандыру бойынша жұмысқа қалалықтардың қатысуы қатысуының маңызды екенін атап өтті. Қала күні қарсаңында тұрғындарды ынталандыру мақсатында «Аула аумағын ең үздік көгалдандыру 2021» байқауы жарияланды. Бұл тұрғын алаптар арасында жасыл аймақтар құруға, аула мен ландшафт дизайнында озық тәжірибені насихаттауға, инновациялық тәсілдер мен идеяларды қолдана отырып, бау-бақтарды дамытуға ықпал етеді.

Байқаудың мақсаты – барынша абаттандырылған және көгалдандырылған аула мен тұрғын үйлерге іргелес аумақты анықтау, тұрғындардың аулада және іргелес аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру тәжірибесін насихаттау, тұрғындарды абаттандыру мен көгалдандыруға кеңінен тарту.

Өтінімдер 3 қыркүйектен бастап қабылданады, қатысушыларды марапаттау 19 қыркүйекке, Қала күніне жоспарланған. Гран-при – 5 миллиондық сертификат, оған ауланы абаттандыруға арналған құрал-жабдықтарды, өсімдіктерді сатып алуға болады. 8 ауданның әрқайсысы бойынша бірінші орынға – 1 млн теңге, екіншісіне – 500 мың теңге, үшінші орынға бау-баққа қажет заттар беріледі. 7 қыркүйектегі жағдай бойынша байқауға қатысуға 100-ден астам өтінім түсті.

Аудандар арасындағы алғашқы үш орын сайт бойынша дауыс беру арқылы анықталады. Қаланың әр ауданынан ең көп онлайн дауыс жинаған қатысушылар бірінші орындарды, дауыс саны бойынша екінші және үшінші орындарды алады.

Новости партнеров