|
22.04.2021 | 12:58
6577

Б. Сағынтаев: Алматыда биыл 500-ден астам аула жөнделеді

Алматыда 4183 аула бар

Б. Сағынтаев: Алматыда биыл 500-ден астам аула жөнделеді

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» арнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында қалалықтардың сұрақтарына жауап беріп, аулаларды абаттандыру және жөндеу туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев қала тұрғындарының аула аумақтарын жөндеудің сапасына қатысты қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді. Оның тапсырмасы бойынша аудан әкімдері аталған кемшіліктерді жояды және аулаларды жөндеудің сапасына бақылауды күшейтеді.

Бүгінде Алматыда 4183 аула бар. Өткен жылдары 3 мыңға жуығы жөндеуден өтті. 550-ге жуық аула жаңадан салынған көп қабатты кешендерге немесе ескі үйлерге тиесілі, сондықтан жөндеуге жатпайды. Ағымдағы жылы 535 аула, оның ішінде «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 53 аула жөнделеді.

Алатау ауданының аулалары 100% ретке келтіріледі, мұнда 202 аула бар. Биыл  53 аула күрделі жөнделетін болады.

Алмалы ауданында 861 аула бар. 2016-2019 жылдар аралығында аталған ауданда 506 аула жаңарды. 2020 жылы 192 аула күрделі жөндеуден өтті. Биыл 66 аула аумағын күрделі жөндеу жоспарланған.

Әуезов ауданында 1740 КҚТК бар, бұларда 966 аула орналасқан. 2016-2020 жылдар аралығында 557 аула жөнделді. Ағымдағы жылы 73 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұдан өзге, 2020-2021 жылдар аралығында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында Әуезов ауданы бойынша 16 жоба таңдап алынды.

Бостандық ауданында 1866 көпқабатты тұрғын үй орналасқан, оларда 670 аула бар. 2016-2020 жылдар аралығында 337 аула жөнделді. Биыл 100 ауланы күрделі жөндеу жоспарланған. «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 2020-2021 жылдар ішінде Бостандық ауданы бойынша Орбита-1 шағын ауданының аула аумағын, Мыңбаев, 93;  Навои, 208/3; Сәтбаев,9Б; Хусаинов, 225, Баязитова, 9,15 көшелерін абаттандыру бойынша 8 жоба іріктеп алынды.

Жетісу ауданының аумағында 284 аула 2017-2020 жылдар аралығында толық жөнделген болатын. Ағымдағы жылы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында Бұлқышев, Столетов, Таиров, Казаков, Қазыбаев, Ратушный көшелерін және Көкмайса шағын ауданын, Көкжиек шағын ауданындағы  1 үйдің, яғни 7 ауланы,  Айнабұлақ-4 шағын ауданындағы 167 үйдің ауласындағы балалар алаңын; 94 ауланы жөндеу  жоспарланған.

Медеу ауданында 784 КҚТК  және оларда 536 аула бар. 2016-2020 жылдар аралығында 406 аула күрделі жөндеуден өтті. Ағымдағы жылы 60 аула аумағына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған, қазіргі уақытта конкурстық іс-шаралар өтіп жатыр.

Наурызбай ауданында 266 көпқабатты тұрғын үй, 85 аула бар. 2015-2020 жылдар аралығында 65 аула абаттандырылған болатын. 20 аула жаңадан салынған тұрғын үйлердің аумағында орналасқан. Биыл «Бюджетке қатысу» жобасы аясында «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі 2 ауланы жөндеу жоспарланған.

Түрксіб ауданында 1209 КҚТК, оның 579 ауласы бар. 2016-2020 жылдар аралығында 496 аула жөнделді. Биыл 30 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. 2020-2021 жылдарға арналған «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы аясында Түрксіб ауданында аула аумақтарын абаттандыруға бойынша 20 жоба таңдап алынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир