Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, ардагерлерге қолдау көрсету жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың мәліметі бойынша, биыл мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беру туралы ұсынысты қолдады. Төлем мерекелік демалыс күндеріне дейін берілетін болады.
Жеңіс күні құрметіне орай Ұлы Отан соғысының 123 қатысушысы мен мүгедектеріне 1 миллион теңге көлемінде бір реттік төлемдер алады. 4 мыңға жуық адам, оның ішінде жеңілдіктер мен кепілдер бойынша ҰОС қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендерге; басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-әрекеттерге қатысқан ардагерлерге; ҰОС қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне әрқайсысына 100 мың теңгеден төленеді. 13 мыңнан астам адамға, олардың арасында еңбек майданына қатысқандар да бар, әрқайсысына 50 мың теңгеден беріледі.
Б. Сағынтаев ардагерлерге айтар басты тілек олардың денсаулығының мықты болуы екенін атап өтті. Олардың немерелері мен балалары ата-әжелерінің, ата-аналарының денсаулығын көздің қарашығындай сақтауы керек. Жақынына жанашыр болу – міндет. «Сақтансаң- сақтаймын» дейді ғой, сондықтан көпшілік жиналған жерден аулақ болып, бетперде киген жөн. Ардагерлердің денсаулығы көтерсе, онда екпе алған өте дұрыс болар еді деп атап өтті қала әкімі.