«Алматы» телеарнасында «Алматинские истории» бағдарламасы көрерменге қайта жол тартады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба 100 жылдық тарихы бар қаланың өткені, бүгіні мен болашағын өзара байланыстыратын тың дерекке негізделеді. Бағдарлама барысында көрермен ел болашағы үшін аса маңызды шешім қабылдаған тұлғалармен танысады.
«Бағдарлама шаһардың қалыптасуына еңбегі сіңген азаматардың өмірінен сыр шертеді. Әрине, көпшілігі арамызда жоқ. Десе де олардың ұрпағы, балаларынан сұхбат аламыз. Осы маусымда музыканттармен, ақындармен, жалпы шығармашылық жандармен кездесу жоспарланған. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанның, Алматы қаласының тарихын сақтау. Егер біз өткенімізге және әдемі қаланың, Қазақстанның қалыптасуына себеп болған жандарды ұмытпай, сыйлай білсек, келер ұрпақ та біздерге құрметпен қарайды деп ойлаймын», – деді бағдарлама жүргізушісі Ноэль Шаяхметов.
«Алматинские истории» бағдарламасы – мегаполистің өмірі. Алматыда өткен дәуірден сыр шертетін тарихи ғимараттар мен тұрғын үйлер аз емес. Ал оларды салған, шешім қабылдаған, тер төккен өнер, мәдениет, ғылым, спорт саласындағы қайраткерлер.