|
27.07.2022 | 14:33
2808

Алматы қаласы мәслихатының құрамы өзгерді

Бұл жөнінде депутаттардың кезектен тыс XXIV сессиясында белгілі болды

Алматы қаласы мәслихатының құрамы өзгерді Almaty.tv

Алматы қаласы мәслихатының құрамы өзгерді. Бұл жөнінде депутаттардың кезектен тыс XXIV сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыған дейін жергілікті палатада 7 тұрақты комиссия болса, оның саны 5-ке қысқарды. Сондай-ақ олардың басшылық құрамы толығымен жаңартылды.

«Ұсынылып отырған 7 комиссиядан 5 комиссияға азайту – біріншіден, жұмысымызды жеңілдететін болса, екіншіден, халықпен арамыздағы байланысты жақсарта түседі деп ойлаймын», – деді қалалық мәслихат депутаты Алмат Қодасбаев.

Айта кету керек, алғаш рет комиссия басшылығына «Ақ жол» және «ҚХП» өкілдері кірді. Қос фракцияның жетекшілері өзгерді. AMANAT партиясынан паралампиадашы Серік Есматов сайланса, «ҚХП» өкілі Нұрсұлтан Шоқанов тағайындалды

«Депутаттардың сала бойынша қызметі ескерілген. Әрі қарай да осы комиссияның жұмысы жоғары деңгейде жүреді дегенге сенім артамыз. Депутаттардың барлығы өз міндетін жақсы біледі. Сәттілік тілеп, осы құрамды қолдауға шақырамын», – деді қалалық мәслихат депутаты Гүлжан Бекенова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир