Алматы әкімі Б. Сағынтаев көпбалалы және аз қамтылған қалалықтарға пәтер кілтін тапсырды

Алматы әкімі Б. Сағынтаев көпбалалы және аз қамтылған қалалықтарға пәтер кілтін тапсырды
Пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жиналғандардың барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздік күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Шаңырақ» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша баспаналы болған бақытты жаңа қоныс иелерін құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 372 тұрғынына жаңа пәтерге ие болды. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданындағы «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінен бойынша 232 пәтер берілді. Бұл бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді несиелер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының «жалдамалы тұрғын үй» бағыты бойынша кезекте тұрған 140 адам пәтер кілттерін алды. Түрксіб ауданының «Жас қанат» ықшамауданында 80 пәтер, Алатау ауданының 13-ші ықшамауданында 60 пәтер берілді.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жиналғандардың барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, бүгінгі игі шараның символикалы екенін атап өттті және жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі.

Жыл басынан бері Алматыда пәтерге мұқтаж 2184 отбасы баспанаға ие болды. Соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 289, «Бақытты отбасы» – 376, «Шаңырақ» – 250, «Алматы Жастары 3.0» – 1000, «ТҮҚЖБ-ның несиелік тұрғын үй желісімен» – 360 адам.

Новости партнеров