|
03.06.2021 | 16:05
8425

Алматыда самокат мінген еріктілер «Менің туым» акциясын өткізді

Жастар өз әсерін бөлісіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды

Алматыда самокат мінген еріктілер «Менің туым» акциясын өткізді Almaty.tv

Экологиялық таза көлік құралын тізгіндеген еріктілер көк байрағымызды көтеріп қала көшелерімен жүріп өтті. Егемендігіміздің берік негізі - мемлекеттік нышандарымызды қастерлеуді мақсат тұтқан шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылыпты. «Менің туым» акциясына қатысып келген Almaty.tv тілшісі Сая Меңдеке айтсын.

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында қаламыздың бір топ белсенді жастары тамаша акция ұйымдастырды. 30 шақты ерікті біркелкі киініп, туымызды желбіретіп,  электр самокаттармен Сұңқар трамплин кешенінен шығып қала көшелерімен жүріп өтті. Шара – мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуге, құрметтеуге және насихаттауға бағытталған дейді ұйымдастырушылар.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 ерікті самокатпен  өз елінің нағыз патриоттары екенін дәлелдей түсті.  

«Менің Туым» деген шара өткізіп жатырмыз. Жастар ресурстық орталығының волонтерлары біздің еліміздің рәміздерін құрметту үшін ұйымдастырайын деп жатырмыз», – деді қалалық жастар ресурстық орталығының меңгерушісі Алма Ауғанбаева.

Жастар да өз әсерін бөлісіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.

«4 маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай осындай акция ұйымдастырып жатырмыз. Әр патриоттың борышы өзінің рәміздерін құрметтеп қастерлеу деп ойлаймын», – деді Наурызбай аудандық жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі Бауыржан Махамбет.

Шара санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада өтті.

Сая Меңдеке, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир