|
17.12.2020 | 16:42
3591

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым: желтоқсаншы Н. Қуанбаев алматылықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұрлыбек Қуанбаев – «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым: желтоқсаншы Н. Қуанбаев алматылықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Almaty.tv

«Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Нұрлыбек Қуанбаев алматылықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тәуелсіздік деген ұғымның өзі киелі. Бүгінде әлемде шамамен 2000-ға жуық ұлт мен этникалық топтар бар. Қазіргі уақытта БҰҰ-да барлығы 195 тәуелсіз мемлекет бар. Ойлап қарасақ, 2000 ұлттың ішінде тек 200-де ғана тәуелсіз мемлекет бар. Оның ішінде біз де бармыз. Қаншама ұлт мемлекетсіз, жерсіз туларын тікті. Соған қарай, тәуелсіздік – бұл қасиетті ұғым, және біз оны құрметтеуіміз керек», – деді Н. Қуанбаев.

Өз құттықтауында Нұрлыбек Қуанбаев сөзіне әсіресе жастарға қарата айтты.

«Біздің халқымыз өсіп, өркендей берсін деп тілеймін, ал Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Сіздерге Тәуелсіздіктің бақытты күндерін, мықты денсаулық, барша игілік пен жарқын болашақ тілеймін! Біз еліміздің келешек ұрпағына үлкен үміт артамыз. Ел болашағы жастардың қолында», – деп атап өтті ол.

Бұған дейін, 2020 жылдың 16 желтоқсаны Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою салтанатты шарасына қатысты. Одан бөлек, әкімнің бастамасымен мегаполисте ірі саябақтардың бірі – «Желтоқсан» саябағы ашылды.

Bólisý


След. →
Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!