Мұсабек Жәнібек: Деректі фильм көзіме жас үйірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлттық тарихымызда Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай түсірілген «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм көрерменнің көзіне жас үйірді. Бұл туралы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Мұсабек Жәнібек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматыда М. Әуезов атындағы драма театрында актер болып істеп жүргенімде әскерге алып кетті. Қайтып оралған соң, театрдағы өмірімді жалғастырдым. Сөйтіп жүргенде 1986 жылы ешкім ойламаған жерден Желтоқсан оқиғасы басталып кетті. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай түсірілген деректі фильм өте жақсы шыққан екен. Көріп отырып, көзіме жас алып отырдым. Себебі басымнан өткен оқиғаның бәрі көз алдыма келді. Біздің қыздар – батыр қыздар ғой. Жылап, көмек сұраса да, қарсыласына төтеп бере алды. Мен сол кезде алаңнан Әлиялар мен Мәншүктерді көрдім. Жалпы, фильм толықтай оқиғаны ашып көрсетті», – дейді желтоқсаншы Мұсабек Жәнібек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37