|
01.12.2021 | 20:00
3068

Тұңғыш Президент күні: Алматыда атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевтің шығармашылық кеші өтті

Қазақстандық скрипка өнерінің мэтрі Марат Бисенғалиев «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» концерті аясында жеке бағдарлама орындады

Тұңғыш Президент күні: Алматыда атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевтің шығармашылық кеші өтті Almaty.tv

1 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Алматы әкімдігінің қолдауымен атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевтің шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай атындағы ҚазҰАОБТ сахнасында отандық және шетелдік композиторлардың, соның ішінде ағылшын Карл Дженкинс пен джаз саксофонисті Найджел Хичкоктың шығармалары орындалды.

Қазақстандық скрипка өнерінің мэтрі Марат Бисенғалиев «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» концерті аясында жеке бағдарлама орындады. Мереке күні біздің заманымыздың ең үздік скрипкашыларының бірін тыңдауға жүздеген классикалық музыка бағалаушылары келді.

Сахна сыртында Марат Бисенғалиев әрқашан Қазақстанның патриоты болып қала беретінін растады. Бүгін, мерейтойлық датаның қарсаңында жас мемлекеттің тарихын тебіреніспен еске алып, өз бағдарламасын осы тарихи оқиғаға арнайды.

«30 жыл өтті дегенге сене алмаймын. Тәуелсіздік алған күн өте жақсы есімде. Осы жылдар ішінде үлкен өзгерістер болды, елдің мәдени өмірі әлемдік деңгейге шықты, біздің музыканттарымызды бүкіл әлем біледі және бағалайды. Біз тәуелсіздігімізді, бостандығымызды бағалай білуіміз керек», - деп әсерімен бөлісті сахна артында асқан виртуоз скрипкашы, дирижер, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері М. Бисенғалиев.

Концерттің негізгі бағдарламасы классикалық музыкаға арналғанына қарамастан, көрермендер қазақтың ұлттық шығармаларынан үзінділер тыңдады. Концертте көрермендер алғаш рет британдық композиторлар Карл Дженкинс пен джазмен Найджел Хичкоктың сюитасынан микс тыңдады. Сондай-ақ, ҚазҰАОБТ-тың үлкен сахнасында алғаш рет Патели мен Андерсонның шығармалары орындалды. Алғаш рет шетел композиторларының музыкалық туындылары қазақ халық аспаптарымен сүйемелденді.

Маэстро концертінің құрметіне Алматыға оның қызы – британдық актриса және әнші Арухан Бисенғалиева келді. Ол қазақ фольклорлық музыка стилінде бірнеше жеке партияларды керемет орындады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир