Алматыда «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен iFly этно-электрондық тобының концерті өтеді

02.09.2022 20:30

Концерт Қала күнін мерекелеу аясында өтеді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылықтар 4 қыркүйек күні Уәлиханов атындағы Шоқан саябақта, қазақстандық музыкалық сахнадағы ерекше коллаборациялардың бірі – "Отырар Сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен iFly этно-электрондық тобын тыңдай алады. Концерт Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

OTYRAR SAZY & fly жобасы қазақ халық аспаптарының дыбысталуын, электрондық музыка мен бейне шоуды біріктіретін, оркестр солистері – домбырашы Данияр Байжұманов пен мультинструменталист Гауһар Жұмағұлованың орындауымен, сондай-ақ скрипкашы Жамила Серкебаеваның бірнеше композициясымен толықтырылған бірегей бағдарламасын ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары өздеріне таныс әндерді, сондай-ақ осы концерт үшін арнайы жазылған партитураларды "Желсіз түнде жарық ай" (Абай), "Бипыл" (халық әні), "Ақан Сері" (Мәнмаңгер), "Қамажай" (солист Жәмила Серкебаева) сияқты шығармаларда тыңдай алады.

"Жобаның міндеті – дәстүрлі композициялардың жаңарған дыбысы арқылы жас қазақстандықтарды халық шығармашылығына, ал шетелдік тыңдаушыларды Қазақстанның шығармашылығы мен мәдени мұрасына тарту", — деп атап өтті Н.Тілендиев атындағы "Отырар Сазы" Академиялық фольклорлық – этнографиялық оркестрінің дирижері Дінзухра Тілендиева.

Іс-шараны Алматы қаласының әкімдігі "Forte Bank" АҚ, Mikhail Kravets дизайнері, Movators коммуникациялық агенттігі және IZImobile цифрлық мобильдік операторының қолдауымен ұйымдастырды.

Концерт Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының алдындағы алаңда Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта өтеді, (Шевченко көшесі, 28, Қонаев көшесінің қиылысы).

Іс-шараға кіру тегін.

Кесте:

18:00 – DJ AIDAR (Cosmic Picnic)

20:00 – OTYRAR SAZY & iFLY

OTYRAR SAZY & iFLY: дыбыс ерекшеліктері

"Бағдарлама барынша шынайы дәстүрлі дыбысталудағы шығармалардан, сондай-ақ заманауи, кейде авангардтық ойын тәсілдері мен әуезді қимылдарды қолданатын жоба үшін арнайы жазылған партитуралардан тұрады. Концерт барысында оркестрдің әр аспабында алдыңғы қатарда жеке орындалатын партия пайда болады, бұл көрермендерге бұрын - соңды естімеген тембрлермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Алматы қаласының мәдениет басқармасы.


Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет "Отырар Сазы" мен "iFLY" электронды аранжировкалармен толықтырылған қазақ халық әндерінің бағдарламасын EXPO-2017 көрмесінде бірлесіп ойнады, онда "Бір бала", "Құсни Қорлан", "Япурай", "Құстар әні" халық композицияларының премьерасы керемет жетістікпен өтті. Қазақстандықтардың жас ұрпағы үшін халық шығармалары заманауи ырғақтармен шырқалды.

2019 жылдың маусым айында Горький атындағы саябақта "Шабыт"  жазғы амфитеатрында көрермендерге алғаш рет 1 сағат 20 минутқа жарық және бейне шоумен толық концерттік бағдарлама ұсынылды.

2021 жылғы желтоқсанда EXPO DUBAI 2020 бүкіләлемдік көрмесінде OTYRAR SAZY & iFLY жобасы шетелдік көрермендерге қазақ музыкасының сан алуан дыбысын көрсете отырып, бір жарым сағаттық шоуды үлкен жетістікпен ұсынды.