Қор нарығында доллар бағамы көтерілді

02.09.2022 20:51

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 472,47 теңге

elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,13 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 472,47 теңге. 

Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 471,43 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 471 теңге, сатып алу – 475 теңге. 

Оқи отырыңыз: 2 қыркүйекке арналған валюта бағамы