Өз ісінің шеберін таңдау үшін кастинг жарияланды
Менің бапкерім-2: «Алматы» телеарнасы телехикаяның түсірілімін бастады, деп хабарлайды Almaty.tv
Өткен жылы «Алматы» телеарнасында «Менің бапкерім» жастар сериалы көрсетілді. Фильмде жарақат алған «Қайрат» командасының экс-футболшысының өмірі суреттеледі. Кездескен қиындыққа қарамастан жаттықтырушы болашағына сенеді.
Ал оқиға бұдан әрі қалай дамиды? Әзірге құпия.
Анығы жоба продюсерлері фильмнің жалғасын түсіруді ұйғарды.
Өз ісінің шеберін таңдау үшін 2022 жылдың 1-20 тамыз аралығында кастинг жарияланды.
Жастар сериалы екінші маусымының түсіріліміне қатысқысы келетіндер фотосуреттерін filmmakers.kzt@gmail.com электронды поштасына жіберулерін сұраймыз.