Іле-Алатау табиғи ұлттық паркінің аумағына 2 мың түп көшет отырғызылды

13.10.2017 04:29

Барлық алманың атасы саналатын Сиверс тұқымы елімізде сиреп кеткен. Жабайы табиғатта  және өте жоғары тау бөктерінде өсетін, құрамы витеминдерге бай бұл алманың түрін көбейту мақсатында бүгін екі мың екі жүз түп көшет отырғызылды. Іле Алатау табиғи ұлттық паркінің аумағына  егілген ағаштар тек 10 жылдан соң ғана жеміс бере бастайды екен.

¤¤Жабайы алманың көшеттері  бір мың бес жүз метр биіктіктегі қия беткейге егілді. Бойы жарты метрлік көшеттер бұған дейін  арнайы орындарда екі жыл өсірілген. Тұқымы онсызда баяу тарайтын сиверс алмасы  орман өрті, құрылыс жүргізу сынды себептердің кесірінен сиреп кеткен. 

¤«Ұлттық парктің көлемі 199 мың 396 гектар. Оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 71 мың гектар. Ұзындығы 120 км. Ені 30 км.  Қазір 350 адам қызмет етуде», - деді Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары Дархан ИСАБЕКОВ.

 

Сиверсті мамандар  кейде сібір сорты деп те атайды. Таулы аймақтарда ғана тарайтын  жабайы алма ғалымдардың зерттеуінше барлық алма  түрінің атасы саналады. Қазір алмалардың түрі көбейгенмен, олардың дәмдік сапасы мен витаминдік құрамы кеміген. Ал жабайы алманың бұл түрін сақтап, будандастыру арқылы апорт, салтанат сынды ондаған алманың түрімен қоса сапасын да сақтап отыруға мүкіндік мол. 

¤«Жасыл желек жанға дауа акциясы барысында 2017 ағаш егілді. Іс-шараға тек орманшылар ғана емес, оқушыларда, прокуратураның адамдарыда тарлды. Жұмыс тек жиналыспен ғана емес осылай іспен де көрсетіліп, табиғатты қорғау жиі насихатталуы тиіс», - деді ¤ Алматы облысы мамандандырылған табиғатты қорғау Прокуратурасының прокуроры Серікжан ҚОЖАХМЕТОВ.

Қия бетке қадаған көшеттер күтіп-бапталмай, тек табиғатқа бейімделу арқылы өз бетімен өседі. Орманшылардың айтуынша, егілген көшеттердің 70 пайызы тұқым алып кетсе жұмыс нәтижелі саналады. Саны селдіреген сиверс алмасы қазір таудың тек 1,5 пайызын ғана алып жатыр. 

Әмірболат Құсайынұлы, Ескендір Тоғысбаев, «Алматы» телеарнасы