Сочиде өткен отырыста елбасы мен Қырғызстан Премьер-Министрі арасында келіссөз болмаған

12.10.2017 в 20:27

Сочиде өткен  Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан  Премьер-министрі Сапар Исақов арасында еш келіссөз болмаған. Оған қоса, Қазақстан Президенті шекарада туындағын мәселелерді шешу үшін ешқандай тапсырма бермеген. Ал шын мәнінде, президент Үкіметке бұл мәселеге қатысты тек үкіметаралық кеңес өткізу туралы тапсырған. Бұл туралы бүгін бірнеше сағат бұрын ғана Қазақстан Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, Үкімет Қырғызстанның ресми ақпарат құралдары таратқан мәліметті жоққа шығарып отыр. Айта кетейік, Сочиде өткен жоғарғы деңгейлі жиыннан кейін қырғыз премьері Сапар Исақов өзінің фейсбуктегі парақшасында, шекарадағы ахуал бойынша Қазақстан басшысымен келіссөз өткізгенін, соның нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев ел үкіметі қазақ-қырғыз шекарасындағы барлық кедергілерді жоюды тапсырғанын жазған-ды. Дәлел ретінде Исақов мына фотосуретті жариялаған. Енді Қазақстан үкіметінің жауабын тыңдайық:     

¤ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, біріншіден, Ресей Федарациясында жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Қазақстан Президенті мен Қырғызстан Премьер-министрінің келіссөздері өткізілген жоқ. Исақов мырзаның жеке әлеуметтік парақшасында орналастырылған фотосуретте расталғандай, ол тек біздің елбасының жанына жақындап келгендігі ғана орын алған.  Екіншіден, Қазақстан Президентінің «шекарада туындаған барлық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне тапсырма бергендігі» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 

¤Жүздеген адамның және көліктер нөпірінің Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өте алмай әлекке түскені туралы кеше хабарладық. Куәгерлердің хабарлауынша, "Қордай" бақылау бекетіндегі жағдай екі күннен бері  өзгермей тұр. Шекарада кісі қарасы мен көлік саны көбейген.