Ғаламторда өзге азаматтардың ар-намысын қорлайтындар жауапқа тартылады

29.11.2017 21:30

Ғаламторда жасырын пікірін білдіретіндерге тосқауыл қою, ұлтаралық араздық тудыратын әрі өзге азаматтардың ар-намысын қорлайтындар жауапқа тартылады. Бұл ақпарат және коммуникациялар министрінің пікірі. Үкімет қабырғасында өткен жиыннан тыс журналистер сауалына жауап берген Дәурен Абаев заңнамаға енгізілетін түзетулер пікір жазуға, болмаса сыни пікір жазуға шектеу қоюды көздемейді  - дейді. Яғни, жүйелі, дұрыс пікірді кез келген азамат ашық білдіре алады.

«Балалар өлімін насихаттауға, порно сайттардың бәрін біз шағым түскен кезде, оларды бұғаттаймыз. Бақылау жүргізіледі. Арнайы біздің адамдарға келіп түседі. Әр адамның сана-сезіміне байланысты», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.

Айта кетейік, 22 қарашада Парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ақпарат, байланыс және ақпараттандыру салаларын қамтитын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған болатын.