Қанат Ислам Отанында өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдемек

07.09.2017 в 01:33

Шетелде талайларды мойындатып, ел намысын қорғап жүрген былғары қолғап шебері Қанат Ислам Отанында өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдемек. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылатын шарада кәсіпқой боксшы канадалық Бренден Кукпен қолғап түйістіреді. Қазірдің өзінде жанкүйерлеріміз бұл бокс кешін тағатсыздана күтіп отыр. Айтуларынша, канадалық боксшы Қанат Исламның кәсіпқой мансабындағы мықты қарсылас болмақ. Былғары қолғап шеберлері аталмыш кеште қазақстандық боксшыға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Қанат Ислам, ел намысын қолдан бермейтінін және бокс кешіне сақадай сай екенін мәлімдеді.

¤

«Осындай үлкен доданың елордамыз - Астанада өтіп жатқаны қуантады. Өзім екінші мәрте Қазақстанда жарыс өткізіп жатырмын. Біріншісі Алматыда, тұңғыш рет Астанада жекпе-жек болып жатыр. Тәуелсіз елдің ер-азаматтары отырмыз. Біздің мақсатымыз-тек қана еліміздің абыройын көтеру. Елге үлкен жеңіс алып келу. Сол үшін бұл жекпе-жекке тас-түйін дайынбыз», - деді кәсіпқой боксшы Қанат ИСЛАМ.¤

 

¤Қанат Ислам осы уақытқа дейін 24 кездесу өткізіп, он тоғызында қарсыласына есе жібермеген. Ал канадалық боксшы 18 жекпе-жекке қатысып, 11-інде жеңіске жеткен. 9 қыркүйек күні өтетін дүбірлі додада Қанат Исламнан бөлек, 8 бокс саңлақтары шаршы алаңға шығып, жарыс көрігін қыздырмақ. Отандастарымыз да әлемнің белді боксшыларымен күш сынасады.