Қанат Сұлтанбековке қатысты сот үкімі шықты

30.11.2017 в 22:35

"Қазақстан Инжиниринг" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Қанат Сұлтанбековке қатысты сот үкімі шықты. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сұлтанбековты айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын барынша қауіпсіздендірілген мекемеде өтейді. Еске салайық, Қанат Сұлтанбеков пара алды деген айыппен биыл ақпан айында 2 айға қамауға алынған болатын.  Бұл іс бойынша сот тыңдауы жабық тәртіпте, баспасөз өкілдерінсіз өткен.