Қарағанды облысына қарасты «Қазақстан» шахтасында үш азамат қаза тапты

04.09.2017 09:23

Қарағанды облысына қарасты «Қазақстан» шахтасында таңғы 4 шамасында апат болып, үш азамат қаза тапты. Олар туралы мәліметтер де белгілі болды. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, сол кезде жер астында 136 адам болған. Құқық қорғау орындары «Қазақстан» шахтасында орын алған қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Іс еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы дерегі бойынша жүргізілуде. сонымен қатар, метан газына уланған үш кенші ауруханаға жеткізілді. Жауаптылар олардың жағдайын қанағаттанарлық деп отыр. оқиға орын алғаннан кейін, «Қазақстан»  кенішіндегі жағдайды тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды. Ал шахтаға жауапты компанияның айтуынша, қайғылы оқиғаның орын алуына, метанның көп мөлшерде бөлінуі себеп болған.

«Апат орын алған жерде метан көп мөлшерде болған. 70 пайыздан астам. Ол өте улы болып есептеледі. Ақпарат белгілі болғаннан кейін, төтенше жағдай орын алған жерге облыс әкімі келіп, қаза болған азаматтардың отбасына атаулы көмек көрсетуді тапсырды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Оның нәтижесі туралы сіздерге кейінірек хабарлайтын боламыз»,- деді Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ.