Қарағанды облысында қазір жағдай тұрақты

05.04.2017 16:09

Қарағанды облысында қазір жағдай тұрақты. Үкімет отырысында Ішкі істер министрі осылай деп мәлімдеді. Ал үкімет басшысы министр оқыс жағдайға дайындықтың аз екендігін және халыққа насихат жұмысының қатаң жүргізілмегенін сынға алып, нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, тілдерді дамыту мен діни экстремизм және терроризм мәселесі де кеңінен талқыланды. Толығырақ елордалық тілшіміздің бейнематериалында.

Үкімет отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі Тілдерді дамыту жөніне арналса,екіншісі Діни экстремизм және терроризмге байланысты іс-қимыл бағдарламасының 2016 жылы жасалған жұмыстар легі. Алдымен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елдегі су тасу қаупі бар аймақтардың жағдайы туралы баяндады. Өз кезегінде үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мұндай оқыс жағдайлар қайталанбас үшін, насихат жұмысын қатаң жүргізуді тапсырды. Қазір Қасымовтың сөзінше, Қарағанды облысында жағдай тұрақты көрінеді. 

«Екінші мәселе тіл хақында. Қазір елімізде мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар үлесі артып, бұл көрсеткіш 2016 жылы 82 пайызды құраған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қазақ тілінде жүргізілген іс-қағаздар үлесі 91 пайызды құраған. Ол үшін республика көлемінде қазақ тілін оқытатын 87 өңірлік оқу орталықтары жұмыс істеуде. Сонымен қатар, мәдениет және спорт министрлігі ономастика мәселесіне де тоқталды. Соңғы үш жылда 239 нысан, 492 көше және 90 бекетке жаңа атау беріліпті»,- деді ҚР ішкі істер министрі, Қалмұханбет ҚАСЫМОВ.

«Қазақстанда өткен жылы 12 лаңкестік оқиғаның жолы кесілді. Діни экстремизм және терроризм мәселесі бойынша 2016-шы жылды қорытындылаған ұлттық қауіпсіздік комитеті соңғы ақпараттарын жария етті. Қазақстанда тыйым салынған, әрі ұлт мүддесіне қайшы келетін салафизм ағымы бойынша 70 адам ұсталса, жүзге жуық қазақстандықтың тыйым салынған ұйымдарға қосылу жоспарларына тосқауыл қойылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елге 80-нен аса студент қайтарылған. Жалпы өткен жылы 123 радикалды ұйым мүшелері темір торға қамалыпты»,- деді ҚР Мәдениет және спорт министрі, Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ.

Азамат Әуезхан,Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан