Қарағанды облысындағы кәсіпорынның бірінде жарылыс болды

12.10.2017 20:38

Қарағанды облысындағы кәсіпорынның бірінде бүгін жарылыс болды. "Арселор Миттал Теміртау" өндіріс орынында газ атылып, 6 адам зардап шекті. Олардың барлығы Теміртау мен Қарағандыдағы ауруханаларға жеткізілген. Әзірге, жарылыстың неден болғаны анықталған жоқ. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал, дәрігерлер ауруханаға жеткізілген 3 науқастың жағдайы ауыр деп отыр. Олардың денін күйік шалған. Қазір қажетті көмек көрсетіліп жатыр.


Естеріңізде болса, 31 тамызда Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Казахстанская" шахтасында тағы да төтенше жағдай болып, 3 адам қаза тапқан еді.