Мұратхан Тоқмәди 3 жылға темір торға тоғытылды

12.10.2017 20:40

Мұратхан Тоқмәди 3 жылға темір торға тоғытылды. Алмалы аудандық соттың шешімімен шыны зауытының бұрынғы иесі айыпты деп танылған. Ол кәсіпкерлерді бопсалады және үйінде заңсыз қару-жарақ сақтады деген бабтар  бойынша қамауға алынған еді. Ақырында, күдікке іліккен Тоқмәди тергеу кезінде өзіне тағылған барлық айыппен келісіп, прокурорлармен процестік келісімге келген. Сондықтан оның жазасы жеңілдетілді. Есте болса, белгілі кәсіпкер биыл маусым айында қамауға алынған. Шыны зауытының директорын арнайы жасақ қолға түсірді.