ҚазҰАУ бірінші курс жеткіншектері студент қатарына қабылданды

12.10.2017 в 02:25

Алматыда Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің бірінші курс жеткіншектері студент қатарына қабылданды. Жалпы биыл 2 мыңнан аса адам оқуға түскен. Оның 1200-дейі мемлекеттік грант иегерлері.  Қазіргі уақытта Ғылым ордасында 50-ге жуық ғылыми жоба іске асырылуда.


«Қазақ ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының қара шаңырағы Қазақтың Ұлттық аграрлық университетінде ерекше мерекелік шара өткізіп отырмыз. Биылғы 2017 және 2018 оқу жылдарына қабылданған студенттерімізге  студенттік кітапшасын беріп жатырмыз. Университеттің «Алтын кілтін» табыстаймыз. Сынақ кітапшасын береміз», - деді  Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес ЕСПОЛОВ.