Ресей елшісіне жасалған қастандықтан кейін қазақ дипломаттарының да қауіпсіздігі күшейтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Әшікбаев мәлімдеді. Елшілік маңында күзет күшейтіліп, қосымша қарауылдар қойылатын болады. Жалпы, барлық шет елде жүрген азаматтарымыздың қауіпсіздігі министрліктің жіті назарында. Сондықтан жауапты ведомство өкілдері шекара асқан отандастырымызды сақ болуға шақыруда. Олар қауіпсіздік жағдайы шиеленіскен шараларға қатыспауға үндейді.
«Әрине тиісті тапсырмалар берілді. Шет елдегі дипломаттардың қауіпсізідігі бірінші орында тұр. Біздің дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл тек Түркияға қатысты емес, бүкіл дүние жүзіндегі. Тек Түркияда емес, Еуропа елдерінде», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан ӘШІКБАЕВ.