Алатау баурайында қазақ күрестен «Еуразия барысы» өтті. 8 елден келген 70-тен астам палуан өзара мықтыны анықтады. Осымен 4 мәрте ұйымдастырылған байрақты бәсекеде қазақ жігіттері финалға дейін жетіп, шешуші сында Монғол спортшыларымен белдесті. 8 салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуандар қатарынан екі балуан монғолдарға есе жіберсе, қалған алтауының мерейі үстем болды. Осылайша, 2014 жылғы «Еуразия барысының» чемпиондарын жеңген Қазақстан құрамасы осымен үш дүркін жеңімпаз атанды. Бірінші орынға 10 млн теңге ақшалай сыйлық пен алтын тайқазан сыйға тартылды.
«Ең мықты командалар жиналып келді, оның ішінде Өзбекстан командасы, Грузия командасы, Моңғолия командасы бар. Оған Украйна командасы қосылып, қазір өзінің ережесін көрсетіп отыр. Мен ойлап отырмын, ең мықты мықтыны жеңді. Біздің балалар енді қалай болса да өзінің жетістігін көрсетіп, өзінің дәрежесіне жетті деп ойлаймын», - деді Қазақстан құрамасының бапкері Жеңіс БИТКӨЗОВ.