Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары көпшілік арасында талқыға түсті

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары көпшілік арасында талқыға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары көпшілік арасында талқыға түсті. Талқылауға жиналған қалалық музей бірлестіктері, зиялы қауым өкілдері мен жастар бекітілген латын әліпбиіне өту үшін жан-жақты жұмыстар мұқият атқарылуы тиіс деген пікірде. Әсіресе қазақтың орфографиясындағы ережелер қайта қаралып, әріптердің бір-бірімен дұрыс байланысуына қатысты ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ математика, химия сияқты ғылымдардағы латын әліпбиінің оңтайлы қолданылуына дұрыс әдістеме таңдалуы тиіс деген ойларымен бөлісті.  

«Көп дыбыстардың арасына «ы»-ны, «і»-ні қойып жазатынбыз. Енді осы керек пе? Мысалы «ауылы» деген сөзді «аулы» деп жазылу керек деген ұсыныстар айтылды. Басқа да сондай сөздердің жұрнақтары мен жалғауларын байланыстыратын тұстарға өте мән берсек деген пікірлер айтылуда. Меніңше, осы өте дұрыс. Сондықтан біз бұрынғы кириллицадағы жазылу тәртібін, емлелерді сол қалпында сақтамай, өзгерістерге түсіруіміз керек», - деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Нұрдәулет АҚЫШ.


Новости партнеров