Қазақстан-Қырғызстан шекарасында үлкен кептеліс пайда болды

11.10.2017 23:14

Екінші тәулік қатарынан мыңдаған адам қазақстан-қырғыз шекарасынан өте алмай әлек. Куәгерлердің хабарлауынша, «Қордай» бақылау бекетіндегі жағдай кешелі бері өзгермей тұр. Шекарада кісі қарасы мен көлік саны көбейген. Олардың тұрғанына біршама сағат уақыт өткен. Екі елдің азаматтары бейнеүндеулерін жариялап, бақылау-өткізу пунктінің жай жұмыс істейтіндігіне наразылық білдірді. Жиналғандар қырғыз жағынан тексеруден өтерде шектеу жоғын айтады.

Қырғыз тарапы алдағы жексенбіге жоспарланған президенттік сайлауға орай мемлекеттік шекараны бақылау күшейтілгенін растады. Дегенмен, шекара асуға жиналғандар легі, керісінше Қазақстан тарапынан көп, дейді кәугерлер. Еліміздің шекара қызметі бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме бере қоймады.