Қазақстан дәрігерлері адам миындағы қатерлі ісікті заманауи жабдықпен емдеуде

14.09.2017 23:50

Қазақстан дәрігерлері адам миындағы қатерлі ісікті заманауи жабдықпен емдеп жатыр. Соңғы үлгідегі құрылғы арқасында науқастар енді шетел асып шипа іздемей, өз елімізде жүріп аты жаман аурудан арыла алады. Мамандардың айтуы бойынша аталмыш аппарат көмегімен жылына 500-ден астам ота жасауға болады. ¤¤

Галина Мисковаға осыдан бір апта бұрын, заманауи медициналық құрылғымен ота жасапты. Алпысты алқымдаған әженің 8 жыл бойы басы ауырады. Бірақ, аса қауіпті санамағандықтан елемепті де. Тек, соңғы уақытта сырқат күшейіп, ауруханаға түскен. Миында қатерлі ісіктің барын дәрігерлерден біліпті. Қазір, Галина Мискованың жағдайы қалыпты.

¤«Басым қатты ауыратын. Өткінші ғой деп жүре бердім. Бірақ, уақыт өте ауру асқынып кетті. Миымды қатерлі ісік бар деген ой, үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Отаны 7-ші тамыз жасады. Қазір жағдайым жақсы», - деді  облыс тұрғыны Галина МИСКОВА.

¤Микрохирургиялық ота жаңа құрылғымен жасалады. Науқасқа алдымен арнайы дәрі беріледі. Ол, мидағы ісікті микроскоп арқылы көруге септігін тигізеді. «Әдетте мұндай ісіктердің шекаралары белгісіз болады», - дейді дәрігерлер. Сондықтан, бұл дәрі қатерлі ісікті монитордан қызыл түсте көрсетуге көмектеседі. Мұндай препаратты немістер ойлап тапқан екен.  

¤«Мидың маңызды бөліктерін зақымдап алмай, айналып өту үшін көмектесетін құрал жабдық нейронавигатор. Соның көмегімен шетін, шекарасын нақтылап алып, терісін сүйекетерін ашқаннан кейін мидың сыртындағы қабаты болады. Сол қабатынан бастап, микроскоппен арыт қарай мидың ішіне қарай енеміз. Микроскоп деген ол арнайы сондай көмекші құралымыз. Ішкі құрылымдарды зақымдап алмас үшін нәтижелі сәтті жұмыс жүру үшін көмектеседі», - деді нейрохирург Ердос АЛҒАЗИЕВ.

¤Дәрігердің сөзінше, ісктердің түрлері көп болады екен. Ең қауіптісін аталмыш құрылғымен жояды. Аппараттағы арнайы жабдықтар қол сыймайтын жердегі ісікті алуға мүмкіндік береді.

¤Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай дәрігерлер науқастың миындағы ісікті анықтап, оны жойып жатыр. Жалпы, бір отаға 3-4 сағат уақыт кетеді екен. Мұнда күніне кем дегенде 3 науқасқа тың тәсілмен операция жасалады. 

¤Қазіпргі таңда, Заманауи құрылғыны әлемнің дамыған елдері қолдануда. Аталмыш аппарат еліміздің екі қаласында орнатылған. Бірі Астанада болса, енді бірі осы жабдық. Бір Алматының өзінде жылына 500-ге жуық науқасқа ота жасалады. Қазір жуықта ғана емделген 30 адам дәрігерлер қарауында.  Ақ халаттылардың сөзінше мұндай инновациялық шешім, науқастарға сенімді ота жасауға көп көмегін тигізіп жатыр.

 

Өмір Әнуарбек, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы