Астана процесінің 6-раунды басталды

15.09.2017 01:01

Кездесуде Елбасы Сириядағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге Қазақстан тарапы әлі де ат салысатынын атап өтті. Сирия мәселесін талқылау үшін Астана кездейсоқ таңдалмаған. Бүгіннің өзінде аталмыш елдің біраз аудандарында да Эскалация аймақтары құрылған. Әрі, Президент Қазақстан тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы бітімгерлік топ жіберілуі мүмкін  екенін жоққа шығармады.

¤«Кепіл мемлекеттер, яғни, Ресей, Иран, Түркия негізін қалаған халықаралық қауымдастықтың қадамына қатысты болады. Бірақ, өкінішке орай, халықаралық қауымдастықтың арасында Иранның қатысуын қаламайтындар бар. Алайда, Иранның қатысу өте маңызды. Сирияда қираған инфрақұрылым мен экономиканы көмектесуге олардың септігі молынан тиетін болады», деді

сирия келіссөздері бойынша ресей делегациясының басшысы 

Александр ЛАВРЕНТЬЕВ. 

Айта кетейік, Астана процесінің 6-раунды басталды. Басқосуға Ресей, Түркия, Иран, Сирия мен АҚШ-ың арнайы уәкілдері қатысуда. Одан өзге, БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стэффан де Мистура да ат басын бұрған. Кездесудің алғашқы күні жабық есік форматында өтті. Бірнеше тараптың қатысуымен өтетін келіссөздер ертең де жалғасады. Бірқатар маңызды құжаттарды қарастыру көзделген. Яғни, Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб қаласын жіті бақылауға алу мәселесі мен ЮНЕСКО- ның асыл мұра қатарына енген мәдени жәдірегерлерді сақтап қалу идеясы да назардан тыс қалмайды. Бұдан кейінгі 7-ші процесс, қазан айының соңында өтеді деп жоспарлануда.