Қазақстан қор биржасы старт-ап жобаларды жандандырмақ

03.10.2017 в 22:47

Қазақстан қор биржасы старт-ап жобаларды жандандырмақ. Жаңа компаниялардың  аяққа тұрып кетуіне ақша құятын инвесторлар да дайын. Тек тың идеяны сәтті іске асырса жеткілікті. Бұл бастама жаңа жылдан кейін қолға алынады.


«Көптеген бизнес-жобалар бизнес-инкубатор арқылы өтетін болады. Содан кейін, ішіндегілері талданып, озықтары биржаға қатыспақ. Нақтырақ айтқанда, жоғары көрсеткіш көрсеткендері халықтық  IPO-ға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сатылымға түскен акциядан тек бұқара емес, компанияның да пайда көретіні сөзсіз», - деді Қазақстан қор биржасының басшысы Алина АЛДАМБЕРГЕН.

 

¤¤Дегенмен венчурлық қаржыландыру тәуекелді қажет етеді. Есесіне, пайдасы да орасан. Қордың көздегені - тез өсу мүмкіндігі бар инвестициялық жобаларды дамыту. Сондықтан да, тек кәсіби мамандадың іске кіріскені қауіпті емес. Енді жаңа алаңда жас кәсіпкерлерге де  ақшаны ақылмен жұмсаудың тетігі үйретілмек. 


«Қазақстан қор биржасының екінші маусымына сәйкес, 109 мыңнан 4 жарым мың инвестор белсенділігін көрсеткен. Осы қалталыларға да қазір қандай старт-ап жобалардың болатындығы қызық. Ең көп қажет етілетін бизнес-пландар ақпараттық технологиялар саласында болмақ.  Ал бұған дейін қаржылық қолдау алған жас кәсіпкерлер өз істерін соңына дейін жеткізе алмай жататын.Енді, бұл тұста, бизнес-инкубаторлар оларға барлық жағынан қолдау білдіреді», - деді Қазақстан қор биржасының басқарушы директоры Евгений МҰХАМЕДЖАНОВ.