Қазақстан-Польша бизнес форумында бірқатар құжаттар рәсімделді

Қазақстан-Польша бизнес форумында бірқатар құжаттар рәсімделді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада өткен Қазақстан-Польша бизнес форумында құны 1 миллиард АҚШ долларына жуықтайтын келісімге қол қойылды. Шараға екі ел бизнесінің 450-ден астам өкілі қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Мәселен, 61 елдің азаматтары үшін Қазақстанға визасыз келуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ елімізде 10 арнайы экономикалық аймақ пен 20-ға жуық индустриялық аймақ жұмыс істейді.

«Мен өткен жылдың тамыз айындағы сапарымды әлі күнге дейін ыстық ықыласпен еске аламын. Сіздердің жылы қабылдауларыңызға рахмет! Мұндай байланыстар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. Қазақстан поляк кәсіпкерлер үшін әрқашан ашық ел»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Елімізде поляк кәсіпкерлерінің қатысуымен 115 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар құны 200 млн долларды құрайтын инвестиция құйған. Мемлекет басшысының сөзінше, ерекше назар көлік құрау, ауыл шаруашылығы мен энергетика, химия, көлік тасымалы мен құрылысқа басты назарды аудару қажет.

«Сіздің Польшаға келген соңғы сапарыңыз екі ел арасындағы экономикалық байланыстың жаңа лебін әкелді. Ерекше атап өтетінім, дәл сіздің келуіңіз осы бағытты дамытуда бір серпіліс болды. Польшадан Қазақстан әкелінетін сауда айналымы 50 пайызға, ал Қазақстаннан Польшаға жеткізілетін сауда 80 пайызға артты», - деді Польша Республикасының Президенті Анджей ДУДА.


Новости партнеров