Қазақстан уран өндірісін азайту салдары өнімнің әлемдік нарықтағы бағасына әсер етті

Қазақстан уран өндірісін азайту салдары өнімнің әлемдік нарықтағы бағасына әсер етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның уран өндірісін азайту салдары, осы өнімнің әлемдік нарықтағы бағасына әсер етті. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл аяғына дейін әлемдік нарықтағы жағдайға талдау жасалып, содан соң қабылданатын шешім нақтыланады. Ведомоства басшысы қазіргі уақытта уран өндірісін көбейтудің еш қажеттілігі жоқ деп отыр. Десек те, еліміздің осы өнімді қайта өңдеуде және шетелдік компаниялармен бірге жұмыс жасауда қызығушылығы басымырақ.

«Арнайы жасалған келісім аясында «Үлбі металлургия зауыты» базасында қытай атом электр станциясына қажетті ядролық жағармай дайындау көзделген. Бірінші кезең бойынша, жылу бөлетін құрылым көлемі 200 тоннаны құрайды. Жоспарда Қытай нарығына және басқа да елдерге байытылған уран өнімін жеткізу бар. Бүгінде зауыттың құрылысы басталып кетті. Оның қуаттылығы аспан асты еліндегі 5 атом электр станциясын қамтамасыз етуге қауқарлы», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.

Министр аталмыш өнімнің байытылған түрі ресейлік тараппен «Орал электрохимиялық комбинатында» жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл Қазақстанның ядролық жанармай циклы нарығына шығуға таптырмас мүмкіндік екен. Айта кету керек, мұндай шара елімізде әзірге қолға алынбаған.


Новости партнеров