Қазақстанда ақбөккендердің популяциясы 42 пайызға артты

06.12.2017 в 22:32

Қазақстанда 2015 жылғы ақбөккендердің жаппай қыруылынан кейін олардың популяциясы 42 пайызға артқан. Бұл туралы «Ұлы дала қазынасы» атты республикалық киіктер тобырын қорғайтын акция барысында белгілі болды. Дүниежүзіндегі ақбөкендердің 95 пайызы біздің елімізде мекендейтіні белгілі. Естеріңізде болса, екі жыл бұрын пастереллез дертінен  кейін жаппай қырылған. Олардың саны 108 мыңға дейін төмендеп кеткен еді. Ал, биылғы санақ бойынша киік саны 152 мыңға жеткен. Дегенмен, мұның өзі көңіл көншітпей отыр. 

«Қазіргі таңдағы ең үлкен популяция ол -  Батыс Қазақстандағы Орал популяциясы. Онда 92 мың киік бар. Одан кейін 50 шақты мың киік осы Бетпақдала популциясында. Бұл Ақмола облысы, Қарағанды облысының солтүстігі, Қостанай облысының оңтүстігінде. Ең аз популяция - ол Үстірт популяциясы. Онда небәрі 2900 ғана киік қалды. Бұрындары 90-шы жылдары бұл популяцияда 300 мыңнан аса киік болатын», - деді Қазақстан биоалуантүрлігін сақтау қауымдастығының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Мұхит СҮТТІБАЕВ.

Мамандар, дала еркелерінің азаюуына табиғат факторынан бөлек браконьерлер себеп дейді. Заңсыз аң аулаушылардың кесірінен соңғы 25 жылда 1 миллион популяция 850 мыңға азайған.

«Ақмола облысының аумағында 2017 жылы  7 қылмыстық іс қозғалды. Оның есептіленген елге мемлекетке келген залалы - 41 миллионға дейін есептелінді. Енді атылған ақбөкеннің санына байланысты. Биылғы жылдың өзінде 7 қылмыс іс қозғалды», - деді Ақмола облыстық Орман шаруашылық және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясының Астана бөлімінің басшысы Мұхит РАМАЗАНОВ.

Елімізде еркек мүйізді ақбөкенді атып алғаны үшін 500, ал аналығы мен жас төлін қырғандар 350 айлық есептік көрсеткіште көлемінде айыппұл төлейді. Бұл, 1 млн теңгеден көп. Тіпті, қылмыстық іс қозғалуы да әбден мүмкін. Ал, ерекше қорғалатын аймақтарда ақбөкенді қырғандарға салынатын айыппұл көлемі 3 есе көп.

 

Теги: киік