Алматы зообағынан 32 млн теңгені жымқырған есепшінің сыбайластары болуы мүмкін

06.12.2017 в 22:44

Алматы зообағынан 32 млн теңгені ұрлады деп айыпталып жатқан есепші әккі әрекетті бір өзі жасамаған. «Оның қасында сыбайластары бар», - деді прокурор. Сондықтан, айыптау актісін өзгерту үшін судьядан процесті кейінге қалдыруды сұрады. Соған қарамастан, атышулы іс бойынша жарыссөз 7-ші желтоқсанға белгіленді. Бірақ, бұл істе тағы қандай фигуранттар болуы ықтимал? Ол әлі белгісіз. Еске сала кетейік, хайуанаттар бағының есепшісіне қатысты қылмыстық іс 2 ай көлемінде қаралып жатыр. Салықшылар тексеру барысында бас кассир Марина Назарованы күдікті деп тапқан болатын. Тек кейін белгілі болғандай, ақша ұрланған компьютердің құпиясөзін бірнеше адамның білетіндігі анықталды.