"Бұл секілді тізім бізде бұрыннан бар. Барлық турагенттіктер, бір
салада қызмет атқарғаннан кейін бір-бірімізбен ақпарат алмасып отырамыз.
Егер кімде осындай туристермен келеңсіз жағдай орын алса басқаларға
ескертеміз",- деді Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығының
президенті, Әсел НҮРКЕБАЕВА.
Жекелеген турфирмаларды айтпағанда, білдей қауымдастық президентінің
өзі «бұзық» саяхатшылармен қайта жұмыс жасауды қажет,- деп санамайды.
Ал турагенттіктерден жолдама сатып алып, кейін алданып қалған, келісімде
көрсетілген қызметтердің орындалмай жатқан оқиғалары елімізде көп
кездескені баршаға белгілі.
"Еліміздегі Конституция бойынша, әрбір қазақстандықтың шетел асуына
құқығы бар. Егер аталмыш «қара тізімді» ресми бекітетін болсақ, осы
тізімдегі кез келген адам сотқа жүгінері анық. Өйткені ол оның құқығы",-
деді Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығының президенті, Әсел
НҮРКЕБАЕВА.
Өзара қара тізім жасаған компаниялар қомақты қаржымен шетелге шығатын
адамдарға қашанда зәру. Айтуларынша, сыртқа ағылатын қазақстандықтар
саны биыл 50 пайызға бірақ төмендеген. Ыстық жағажайға барып
демалатындар санының азаюын мамандар доллар бағамының өсуімен
байланыстырып отыр. Қазақстандықтардың басым бөлігі шетел аспауы, ішкі
туризмнің азда болса алға жылжуына септігін тигізді. Ал жоғарыда айтып
кеткен «қара тізім» әзірге ұсыныс ретінде ғана қалып отыр.
Азамат Әуезхан, Мұрат Тайжан, "Алматы" телеарнасы